Toggle Dropdown
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 215 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5810 болып енгізілді
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Ереженiң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 11-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ереженің 11-тармағы 3) тармақшасының төртiншi абзацы, 35-тармағы 3) тармақшасының төртiншi абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 26 қыркүйектегі
N 215 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5323 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 164 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5405 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 247 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5514 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 74 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5678 тіркелген).
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 26 қыркүйектегі
N 215 қаулысымен бекітілді
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі
1. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың сақтауы міндетті пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібін белгілейді.
2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін осы Ережеде көрсетілмеген өзге пруденциалдық нормативтердің есебі және олар бойынша есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының оларды есептеу және есептілікті ұсыну тәртібін айқындайтын «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 тіркелген), «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген) сәйкес белгіленеді.
3. Осы Ереженің мақсатында «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағалары да танылады.
4. Тәуекел деңгейі бойынша зейнетақы активтерін мөлшерлегенде, сондай-ақ халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша рейтингтік бағасы бар болғанда өтімді активтерді айқындағанда, осы Ереженің 3-тармағына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган таныған рейтингтік агенттіктердің біреуінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік баға есепке алынады.
5. Осы Ереженің мақсатында пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Еуропалық қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Еуропа инвестициялық банкі;
6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару қызметiн номиналды ұстаушы ретiнде клиенттiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және дилерлiк қызметпен қоса атқаратын жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi – Қор) және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және дилерлiк қызметпен қоса атқаратын ұйымның, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және оны инвестициялық портфельдi басқарумен және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және дилерлiк қызметпен қоса атқаратын ұйымның (бұдан әрi – Ұйым) меншiктi активтерi есебiнен мәмiлелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5794 тiркелген) бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн жүзеге асыру ережесiнiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен жасалады.
7. Қордың және Ұйымның пруденциалдық нормативтерін есептеу үшін қаржы құралдарының баланстық құны құнсыздануды ескеріп, қолданылады.
8. Қор мен Ұйым инвестициялау лимитін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5793 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі - N 181 нұсқаулық) 5-тарауына сәйкес сақтайды.
2-тарау. Қорға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі
9. Қордың меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi К1 коэффициентiмен сипатталады.
К1 коэффициентi мына формула бойынша есептеледi:
К1 = (ӨА-(М+RR1 немесе FR2))/ МЗА, мұнда:
ӨА – осы Ереженің 11 және 13-тармақтарында көрсетiлген өтiмдi және басқа да активтер;
М – баланс бойынша мiндеттемелер;
RR1 – № 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес есептелетiн, Қордың консервативті (К2.1 ) және (немесе) қалыпты (К2.2 ) инвестициялық портфельдерінің номиналды кiрiс коэффициентi алдыңғы есептi кезеңдегi номиналды кiрiстің түзетiлген орташа мөлшерленген коэффициентiнің мәнiнен отыз пайыздан жоғары терiс ауытқыған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған резерв;
FR2 – № 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес есептелетiн, Қордың консервативті (К2.1 ) және (немесе) қалыпты (К2.2 ) инвестициялық портфельдерінің номиналды кiрiс коэффициентi алдыңғы есептi кезеңдегi номиналды кiрiстің түзетiлген орташа мөлшерленген коэффициентiнің мәнiнен он бес пайыздан жоғары, бiрақ отыз пайыздан аз керi ауытқыған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған резерв;
МЗА – Қордың инвестициялық портфелiндегi тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының құны, Қордың консервативті және қалыпты инвестициялық портфельдері бойынша жинақталып есептеледі.