• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6041 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жина қтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
аталған қаулымен бекітілген Жина қтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықта: 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«5. Қордың меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – № 189 ереже) 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.»;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын: 
«Жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың К 2  номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі шартты міндеттемесі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады. 
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың консервативті портфель бойынша К2.1 номиналды кіріс және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеуі бойынша резервтерді қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.»; 
жиырма үшінші абзацта «2) тармақшасында» деген сөз және цифр «тоғызыншы абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын; 
қырық төртінші абзацта «1) тармақшасында» деген сөз және цифр «он жетінші абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын: 
«2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:
М – баланс бойынша міндеттеме, сондай-ақ Қордың меншікті қаржысы бойынша міндеттемелерінде көрсетілмеген, қалыптастырылған резервтің сомасы;
МЗА – тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, Қордың консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық портфельдерi бойынша жиынтығында есептелетiн, Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны.»;
15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«19) шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек.»; 
16-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын; 
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«17. Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«19. Қ ордың номиналды кiрiстiлiк көрсеткiшi Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – № 181 нұсқаулық) 3-тарауына сәйкес есептелген К2  номиналды кiрiс коэффициентiмен сипатталады.»; 
22-тармақта «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 31-бабының 4-тармағына сәйкес» деген сөздер « № 181 Нұсқаулықтың 29-тармағында көрсетілген формула бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
«23-1. Қор күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдердегі зейнетақы активтері бойынша барынша төмен деңгейден төмен емес кiрiстiлiк алуды қамтамасыз ету мақсаттары үшін Қ ордың консервативті (К2.1 ) және (немесе) қалыпты (К2.2 ) инвестициялық портфелі бойынша жеке номиналды кiрiстiлiк көрсеткiштерiнің және инвестициялық портфельдің тиісті түрі бойынша кiрiстiлiктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы есептеуді дербес жүргізеді.
23-2. Консервативті портфель бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша К2.2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кiрiстiлiктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар жылдың қорытындылары бойынша қолданысқа енгізіле бастайды.»;
25-тармақта «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 57-бабына» деген сөздер « № 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына» деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Қ ордың консервативті портфелі бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты инвестициялық портфелі бойынша К2.2 коэффициенті алдыңғы есепті кезеңдегі портфельдің тиісті түрі бойынша номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициенттерінің мәнінен он бес пайыздан жоғары теріс ауытқыған кезде Қор № 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес болашақта консервативті портфель бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеу бойынша резервтерді қалыптастырады.»;
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. Қордың зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы тарауда белгіленген инвестициялардың мөлшерінен аспайды.»;
55-тармақ «Ұйым үшін» деген сөздерден кейін « № 181 Нұсқаулықта » деген сөзбен және цифрлармен толықтырылсын;
57-тармақ «Ұйым үшін» деген сөздерден кейін « № 181 Нұсқаулықта » деген сөзбен және цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. «Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын өтеу және Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша резервті қалыптастыру» пруденциалдық нормативі
57-1. Егер салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын агрессивті инвестициялық портфельден осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы Қордың осы агрессивті инвестициялық портфеліне осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналарының сомасына қарағанда аз шаманы құрайтын болса, Қорда салымшылардың (алушылардың) алдында осы айырманы өтеу бойынша нақты міндеттеме пайда болады.
Айырманы өтеу мынадай формула бойынша жүзге асырылады:
егер:                PAt < (PA1 + St ),        онда:                Cm = (PA1 + St ) – PAt, мұнда        t – салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күнінен осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезең;
Cm – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы нақты өтеу сомасы;
PAt – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен күнінің және осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезеңдегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты;
РА1 – салымшылардың (алушылардың) Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен сәтіндегі жинақталған зейнетақы қаражаты; 
St – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне жарналардың бастапқы келіп түскен сәтінен бастап және осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі кезеңде инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы:
           t 
St  = еSn n = 2, 3,..., t болған кезде, мұнда            n = 2
Sn = (Sn-1  * In  + Pn ), мұнда        n – есепті ай (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
Sn – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін n айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы;
Sn-1 - Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n-1 айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
In – n айда пайыздардағы инфляция;