Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6041 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 22.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы:
Toggle Dropdown
2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, жетпіс біріншіден жетпіс үшіншіге дейінгі, сексенінші, сексен бірінші, 2-тармағының он үшінші, он төртінші, жетпіс бесіншіден жетпіс жетіншіге дейінгі, сексен төртінші, сексен бесінші, 3-тармағының он екінші, он үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық төртіншіден қырық алтыншыға дейінгі, елу үшінші, елу төртінші, алпыс жетіншіден алпыс тоғызыншыға дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші абзацтарын;
Toggle Dropdown
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі, 2-тармағының он алтыншы, он жетінші, жетпіс сегізіншіден сексеніншіге дейінгі, 3-тармағының он бесінші, он алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық жетіншіден қырық тоғызыншыға дейінгі, жетпісіншіден жетпіс екіншіге дейінгі, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі абзацтарын;
Toggle Dropdown
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он біріншіден он төртіншіге дейінгі, жиырма үшіншіден жиырма бесіншіге дейінгі, жиырма жетіншіден отызыншыға дейінгі, отыз үшіншіден елу сегізіншіге дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, 2-тармағының тоғызыншыдан он екіншіге дейінгі, он сегізіншіден жиырма тоғызыншыға дейінгі, отыз бесіншіден алпысыншыға дейінгі, сексен бірінші, сексен екінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, 3-тармағының сегізіншіден он біріншіге дейінгі, он жетінші, он сегізінші, елуінші, елу бірінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін енгізілген жетілдіруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова