• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6554 болып енгізілді.

Осы редакция 28.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөнiндегi күн сайынғы және ай сайынғы есептi беру мерзiмдерi туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 388 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3413 тiркелген);
2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3722 тiркелген);
3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысының 16, 18-тармақтары  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3868 тiркелген);
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.Ә. Әбдірахманов):
1) Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова) бірігіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып:
1) 2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде қолданыстағы есеп беру нысаны бойынша «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
2) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «ЕДБ алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
3) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорлардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
4) 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Банктік емес ұйымдары» модульін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсiн.
Төрайым                                      Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2010 жылғы
 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының
 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық  актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Агенттік Басқармасының «Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1189 тiркелген) мынадай өзгерістер:
Осы қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
4-1-тармақта «немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi адам» деген сөздерді «(ол болмаған кезде оның орнындағы адамы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-4-тармақта «оның орнындағы тұлға» деген сөздерден кейін «(ол болмаған кезде оның орнындағы адамы) және бас бухгалтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 2, 3-қосымшаларында:
«Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi адам
       ______________________________________________________
 (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
       Бас бухгалтер ________________________________________
      (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
күнi мөр» деген сөздерді
«Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
       ______________________________________________________
  (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
       Бас бухгалтер ________________________________________
     (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
       Орындаушы ____________________________________________
  (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
       Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» _____
Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 211 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1921 тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
9-1-тармақ алып тасталсын.
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 77 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Агенттік Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтердi, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердiң нысандарын және ұсыну мерзiмiн белгiлеу туралы» 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 4 тамыздағы № 2988 тiркелген «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған № 169) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
5-1-тармақ «уәкілетті органмен» деген сөздер «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: