«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7535 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысына сәйкес
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Мынадай қаулылардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2449 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының қосымшасы 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 қаулысына қосымша
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 76 Қаулысымен (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу»;
«1. Эмитент облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдауышта мемлекеттiк және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектiсi бар.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) ажырамас бөлігі болып табылады:
аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жылының ішінде эмитенттің жылдық қаржы есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және тұрғылықты орны мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған шарттардың көшірмелері (егер шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
эмитенттің кірісін жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған эмитенттер үшін қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейiнгi кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есеп болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептi уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептi қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептi бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
1-1. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент левереджiнiң мөлшерi (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарын қоспағанда) (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес) уәкiлеттi органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша 2-ден аспайды.
1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.»;
1-3 және 1-4-тармақтар алып тасталсын;
«1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.»;
«3. Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигациялар шығарылымын (шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу мынадай талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның және шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органының (бұдан әрі – резидент еместің уәкілетті органы) арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;
2) резидент емес эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің орындауы;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға резидент емес уәкілетті органның рұқсатының болуы не Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы резидент емес уәкілетті органның хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда);
4) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигацияларды мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтау туралы Қазақстан Республикасының резидент емес уәкілетті органының хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда).
Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көзделген Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті мыналарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |