Toggle Dropdown
9
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 181 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5793 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 49-бабының 3-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқаулық).
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Егер осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен соң зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерінің және меншікті активтерінің есебінен қалыптасқан инвестициялық портфельдерінің құрылымы Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін жоғарыда көрсетілген инвестициялық портфельдердің құрылымын Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарының талаптарына сәйкестендіреді.
Toggle Dropdown
3. Нұсқаулықтың 15-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Toggle Dropdown
Нұсқаулықтың 6-1-тарауы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп берулерін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені пысықтауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы
N 181 қаулысымен бекітілді
Toggle Dropdown
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Toggle Dropdown
«Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) тиісінше есептіліктің нысандарын және оны ұсыну мерзімдерін белгілейді.
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулықта көзделген Ұйымның үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде Ұйыммен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Ұйымның меншікті активтері – Ұйым болашақта экономикалық пайда алуды күтетін және Ұйымның балансында көрсетілетін өткен оқиғалардың нәтижесінде Ұйым бақылайтын ресурстар болып табатын активтер;
Toggle Dropdown
2) меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) меншікті капитал жеткіліктік коэффициентінің қосындысы;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
Toggle Dropdown
4) зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiгі – Қордың зейнетақы активтерiнің, Ұйым оларды инвестициялық басқару нәтижесiндегi өзгерiстерiн сипаттау үшін пайдаланылатын және осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелетiн үлестiк мөлшері;
Toggle Dropdown
5) қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдастыру және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
6) «таза» зейнетақы активтерi – Қордың, оның зейнетақы активтерiне жататын мiндеттемелердi (зейнетақы төлемдерi, басқа Қорларға аударымдар жасау бойынша мiндеттемелердi және басқа да ұқсас ықтимал мiндеттемелердi) шегергендегі зейнетақы активтерi.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағалары да танылады.
Toggle Dropdown
3. Тәуекел деңгейі бойынша зейнетақы активтерін мөлшерлеу кезінде, сондай-ақ халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша рейтингтік бағасы бар болған жағдайда өтімді активтерді анықтау кезінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің біреуінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік бағасы есепке алынады.
Toggle Dropdown
4. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:
Toggle Dropdown
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Toggle Dropdown
Еуропалық қайта құру және даму банкі;
Toggle Dropdown
Америкааралық даму банкі;
Toggle Dropdown
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Toggle Dropdown
Азиялық даму банкі;
Toggle Dropdown
Африкалық даму банкі;
Toggle Dropdown
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Toggle Dropdown
Ислам даму банкі;
Toggle Dropdown
Еуропа инвестициялық банкі.
Toggle Dropdown
Еуразиялық даму банкі.
Toggle Dropdown
5. Ұйымның меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Toggle Dropdown
2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.
Toggle Dropdown
6. Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қаржы құралдарының баланстық құны құнсыздануды ескере отырып, пайдаланылады.
Toggle Dropdown
7. Зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруына болатын Қордың және осы Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің мәні 0,04-тен кем болмайды.
Toggle Dropdown
Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның басқаруында болатын, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензиясынан айырылған Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдаған Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні оларды тапсырған күннен бастап алты ай ішінде 0,01 кем еместі құрайды. Зейнетақы активтерін және міндеттемелерін тапсырған күнінен кейін алты ай өткен соң Ұйымның және Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәнді құрайды.
Toggle Dropdown
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті үтірден кейін үш белгімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағының талаптарын орындау мақсатында Ұйым мен зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың арасында шарт жасалған жағдайда, шарт жазбаша нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Toggle Dropdown
1) Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасы. Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні жиырмадан кем болмауы тиіс, бірақ меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің қырық пайызынан көп болмауы керек;
Toggle Dropdown
2) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасы;