Toggle Dropdown
5
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамызда N 180 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5789 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 41-бабының4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Toggle Dropdown
Нұсқаулықтың 6-1-тарау 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп берулерін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілді
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық
Toggle Dropdown
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 41-бабының 4-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - Қор) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерін және есептеу әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны берудiң мерзiмдерiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулықта көзделген Қордың үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде Қормен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Қордың меншікті активтері – Қордың болашақта экономикалық пайда алуға үміт артатын және Қор балансында көрсетілетін алдыңғы өткен оқиғалардың нәтижесінде Қор бақылау жасайтын ресурстар болып табылатын активтері;
Toggle Dropdown
2) меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті – осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің сомасы;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
Toggle Dropdown
4) қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдастыру және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағалары да танылады.
Toggle Dropdown
3. Тәуекел деңгейі бойынша зейнетақы активтерін мөлшерлеу кезінде, сондай-ақ халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша рейтингтік бағасы бар болған жағдайда өтімді активтерді анықтау кезінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің біреуінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік бағасы есепке алынады.
Toggle Dropdown
4. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:
Toggle Dropdown
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Toggle Dropdown
Еуропалық қайта құру және даму банкі;
Toggle Dropdown
Америкааралық даму банкі;
Toggle Dropdown
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Toggle Dropdown
Азия даму банкі;
Toggle Dropdown
Африка даму банкі;
Toggle Dropdown
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Toggle Dropdown
Ислам даму банкі;
Toggle Dropdown
Еуропа инвестициялық банкі;
Toggle Dropdown
Еуразиялық даму банкі.
Toggle Dropdown
5. Қордың меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Toggle Dropdown
2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.
Toggle Dropdown
6. Қордың пруденциалдық нормативтерін есептеуге арналған қаржы құралдарының баланстық құны құнсыздануды ескере отырып пайдаланылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. "Меншікті капитал жеткіліктілігі" 1-пруденциалдық норматив
Toggle Dropdown
7. Зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың және осы Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің мәні 0,04-тен кем болмайды.
Toggle Dropdown
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санымен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдаған Қор үшін олар қабылданған күннен бастап алты ай ішінде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні 0,01-ден кем болмайды. Зейнетақы активтері мен міндеттемелерін берген күннен кейін алты ай өткен соң осы Қордың меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің жиынтық мәні осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген мәнді құрайды.
Toggle Dropdown
9. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағының талаптарын орындау мақсатында активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қор мен осы Ұйым арасында шарт жасалған жағдайда, шарт жазбаша нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді құрайды:
Toggle Dropdown
1) активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффицентіне ара қатынасы. Активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффицентінің мәні меншікті капитал жеткіліктілігі жиынтық коэффициентінің алпыс пайызынан кем, бірақ сексен пайызынан артық болмауы тиіс;
Toggle Dropdown
2) Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасы;
Toggle Dropdown
3) активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың және осы Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасын анықтау бөлігінде енгізілетін өзгерістерді қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, шартқа осы өзгерістерді енгізудің кезеңділігі.
Toggle Dropdown
10. Активтері Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қор уәкілетті органға меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентiн сақтау туралы шарттың көшірмесін оны жасаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.