Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 71 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7509 тіркелді
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы ереже), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше ереже), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.";
4-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-3. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер аффилиирленген тұлғалардың есебін жүргізеді.";
4-4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында онымен аффилиирленбеген банктерде және/немесе бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде банк шоттарын ашады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері тиіс:
"Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Рооr's" ұлттық шәкілі бойынша "кzВВ-"-тен темен емес рейтингтік бағасы болуы тиіс;
"Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-сабақтас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы тиіс;
қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс";
мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2-тармақтармен толықтырылсын:
"37-1. Брокер "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар банк немесе сақтандыру ұйымы болып табылатын клиенттердің активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелерді ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасында не шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында ғана мыналарды қоспағанда жасайды:
1) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
2) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сату;
3) бастапқы ұйымдастырылмаған нарығында (оларды орналастырған кезде) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер;
4) эмитенттің бағалы қағаздары және өзге міндеттемелерін эмитенттің қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау (конвертациялау);
5) мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер;
6) Қазақстан Республикасының не шет мемлекетінің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржаларында айналыста жоқ шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер.
37-2. Банк болып табылатын дилер бағалы қағаздармен мәмілелерді ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасында не шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында ғана мыналарды қоспағанда жасайды:
1) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
2) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сату;
3) бастапқы ұйымдастырылмаған нарығында (оларды орналастырған кезде) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер;
4) эмитенттің бағалы қағаздары және өзге міндеттемелерін эмитенттің қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау (конвертациялау);
5) мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер;
6) Қазақстан Республикасының не шет мемлекетінің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржаларында айналыста жоқ шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер.";
38, 38-1, 38-2 және 38-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Осы Ереженің 37-тармағында белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды:
1) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған, мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
3) брокер және (немесе) дилердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншік иелерінен (бағалы қағаздардың меншік иелерінің олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық өкілдері болып табылмайтын өкілдерінен) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында сатып алуына;
4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, оның ішінде бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жіберілмеген шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
5) бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен резидент еместермен мәмілелер жасауға;
6) бағалы қағаздармен (оның ішінде брокер және (немесе) дилер өзі эмиссиялаған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыру кезінде мәмілелер жасауға;
7) брокер және (немесе) дилердің өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарын сатып алуы;
8) тауар жеткізуді көздемейтін тауар биржаларындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға;
9) білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен білікті инвесторлар қаражатының есебінен мәмілелер жасау.
38-1. Үлестес тұлғалармен акционерлік қоғамнан өзге, басқа ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған брокер және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен мәмілелер жасау туралы шешім осы брокер және (немесе) дилердің бақылау кеңесімен келісіледі.
38-2. Брокер және (немесе) дилер шарттарымен мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды.
38-3. Брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен және комиссия шарты болып табылатын брокерлік қызмет көрсетуге шарты шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге "репо" операциясының бастапқы мерзімін ұзартуды ескеріп, жасалады.";
44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44-1. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет аясында брокердің шоттарында орналасқан өз клиенттерінің ақшасын өз мүдделерінде немесе аффилиирленген тұлғалардың мүддесінде, сондай-ақ өздерінің клиенттерінің және олардың аффилиирленген тұлғаларының мүдделерінде заем түрінде тартпайды.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер арасында жасалған шарт (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсілдердің біреуін белгілейді:
1) "қатаң міндеттемелер" тәсілі, мұндайда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен оларды басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.
Андеррайтердің "қатаң міндеттемелер" тәсілімен көрсетілетін қызметін бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер (бұдан әрі - инвестициялық компания) жүзеге асырады. Көрсетілген қызмет түрін көрсету тәртібін реттейтін инвестициялық компанияның ішкі құжаттарында осы функцияларды міндетті түрде бекіту қосымша шарт болып табылады;
2) "ең жақсы күш салу" тәсілі, бұл ретте андеррайтер (эмиссиялық консорциум) осы шығарылымды жартылай орналастыру тәуекелін эмитентке жүктеуімен оларды инвесторға ұсыну арқылы эмиссиялық бағалы қағаздың шығарылымын орналастыру бойынша оған барынша күш салуға міндеттенеді;
3) бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың басқа тәсілі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.