1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7439 тіркелді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Осы қаулының 3-тармағының он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші абзацтары, 4-тармағының он екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, 5-тармақтың он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші абзацтары, 6-тармақтың тоғызыншы, отызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетакы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 сәуірде № 3603 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Зейнетақы қорында 2011 жылғы 31 желтоқсанда болған инвестициялық портфелін консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдеріне бөлуді жүзеге асыруда консервативтік инвестициялық портфельде әділ құны бойынша бағаланатын, өзгерістері кірістің немесе шығынның құрамында көрсетілетін, сату үшін қолда бар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 тамызда № 5794 болып тіркелген) 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары және ақша есепке алынады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітіліген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
«36. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын өзімен үлестес емес банктерде және/немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу үшін арналған ақшаға қатысты бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі болуы;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы;
қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс»;
«52. Брокер және дилер маржалық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:
1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары;
3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік бағалы қағаздары қабылданады.».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
«3. Осы Ереженің қосымшасында көзделген мөлшерде брокердің және дилердің өтімді активтері ретінде мынадай активтер:
1) ақша, оның ішінде:
кассадағы ақша, брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдардың шоттарындағы ақша;
2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен «kz В+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент-банктері болып табылады;
банктер қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
3) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
4) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
5) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
6) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
7) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
8) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
9) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескергенде);
10) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |