Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6393 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 18.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
Toggle Dropdown
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрағаның міндетін атқарушы Қ. Қожахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 111 қаулысының қосымшасы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қаулысына:
Toggle Dropdown
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Заңдар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 8-тармақтың үшінші, төртінші абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
Toggle Dropdown
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген) қаулысына:
Toggle Dropdown
2-тармақта «2010 жылғы 13 тамыздан бастап» деген сөздер және цифрлар «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.