Bestprofi Logo

Қаулы № 155 от 2007-05-28г./Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4803 болып енгізілді.

" Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы ",

" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының

2007 жылғы 19 ақпандағы Заңдарын (бұдан әрі - Заңдар) іске асыру

мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері

мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік

құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы қаулы Заңдар қолданысқа енген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың бесінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 8-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 24-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, Заңдар қолданысқа енген күннен бастап үш жыл алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлемін төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры", "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.

4. Агенттіктің Төраға қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық

актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша мынадай өзгерістер мен

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1080 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисiн (полис, сертификат) ресiмдеу жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту туралы" және "Сақтандыру полисiн (полис, сертификат) ресiмдеу жөнiндегi Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1275 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисiн (полис, сертификат) ресiмдеу жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар бекіту туралы" 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1574 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1080 тіркелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2610 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулыларымен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 357 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3920 тіркелген, 2005 жылғы 7 желтоқсанда "Юридическая газетінде" N 227-228 (961-962)) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге:

аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру полисiн ресiмдеу

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) салық төлеушiнiң аты-жөнi, жеке сәйкестендіру нөмiрi (ондай болса), экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтандырушының мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн)";

2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2-1) салық төлеушiнiң атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, сақтандырушының банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн)".

2. "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2345 тіркелген) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының" Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2860 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 29-32, 974-құжат), "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының" Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3229 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 9-13, 41-бап), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының" Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3721 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының" Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің акционерлері туралы ақпараттың көлемін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 416 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3986 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 20 қаңтарда N 8-9 (988-989)), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің "Қазақстанның Халық жинақ банкі" ашық акционерлік қоғамына "Казахинстрах" шетелдік сақтандыру жөніндегі компаниясы" жабық акционерлік қоғамын бақылау құқығын сатып алуға рұқсат беру туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4212 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге:

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Үлгі шартта:

"әлеуметтік жеке код N _______," деген сөздерден кейін "немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса," деген сөздермен толықтырылсын;

"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын;

10-тараудағы "Қор атауы" деген сөздерден кейін "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен толықтырылсын;

Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы Үлгі шартында (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):

"әлеуметтік жеке код N _______," деген сөздерден кейін "немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса," деген сөздермен толықтырылсын;

"салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын;

"Қор атауы" деген сөздерден кейін "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен толықтырылсын;

"ӘЖК" аббревиатурасы алынып тасталсын;

Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үшінші тұлғаның пайдасына Үлгі шартында:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание