• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4803 болып енгізілді.

Осы редакция 15.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы ", 
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 19 ақпандағы Заңдарын (бұдан әрі - Заңдар) іске асыру 
мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы 
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері 
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік 
құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Заңдар қолданысқа енген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың бесінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 8-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші,  тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 24-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, Заңдар қолданысқа енген күннен бастап үш жыл алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Заң департаментi (Байсынов М.Б.): 
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлемін төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры", "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
 және қаржы ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі Басқармасының
 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155
 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі 
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша мынадай өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілсін: 
1.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 № 24 Қаулысымен. (01.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен)(2-тармақтың күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. "Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2320 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 96 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4236 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
1-қосымшада: 
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шартта:
7-тармақтың 10) тармақшасындағы, 9-тармақтың 15) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тарауда: 
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада: 
Кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын Катодиандық үлгі шартта:
6-тармақтың 10) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тарауда: 
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшада: 
Кастодиан банк, басқарушы агент және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шартта:
7-тармақтың 9) тармақшасындағы, 9-тармақтың 14) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер" бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тарауда: 
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшада: 
Кастодиан банк пен бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартта:
6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"9) барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлерді ауыстыру, салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер, мекен-жайларының, телефондарының ауысуы) өзгерістер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Кастодианның тиісті құжаттарын ұсыну арқылы Кастодианды жазбаша хабардар етуді";
12-тарауда: 
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.