• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г

Отправить по почте

2

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5517 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ", Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы
1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады. 
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің 2009 жылғы 1 сәуірден бастап күші жойылды деп танылсын. 
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін. 
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 240 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1007) жарияланған). 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4666 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған). 
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысының 24 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған). 
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5258 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 31 шілдедегі N 115 (1515), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйектегі N 9 жарияланған).
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2008 жылғы
 29 желтоқсандағы N 240 қаулысымен
 бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау ережесі
Осы Ереже " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын екінші жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібін анықтайды.
1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш – сақтандыру ұйымымен зейнетақылық аннуитет шартының жасалуына байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аудару туралы немесе ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының және жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шартты бұзу туралы өтініш; 
2) сақтандыру ұйымы - салымшымен (алушымен) зейнетақылық аннуитет шартын жасаған, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы; 
3) Жөнелтуші қор - салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударылатын жинақтаушы зейнетақы қоры; 
4) Қабылдаушы қор - салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шарты негізінде аударып жатқан жинақтаушы зейнетақы қоры; 
5) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау - Жөнелтуші қордың, кастодиан банктің, Орталықтың (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезінде) салымшының (алушының) Қабылдаушы қордағы жеке зейнетақы шотына не сақтандыру ұйымына аударым жасалып отырған жинақталған зейнетақы қаражатын есептеу үшін қажетті жинақталған іс-қимыл; 
6) Орталық - Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілеттік берген Заңға сәйкес салымшылардың міндетті жинақталған зейнетақы қаражатын Жөнелтуші қордан Қабылдаушы қорға аударым жасау жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлға.
1
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау тәртібі
2. Қабылдаушы қор салымшымен (алушымен) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасағаннан кейін Орталыққа Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жасалған шарт туралы мәліметті береді. 
3. Орталық салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді қабылдаушы қордан бір күннен кешіктірмей, келесісін алған күннен кейін: 
1) оның Заңның 27-бабы 1-тармағы 6) тармақшасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады; 
2) Қабылдаушы қормен берілген, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне мәлімет енгізеді немесе егер салымшы (алушы) бір жыл ішінде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты екі рет жасаған жағдайда немесе егер ертерек басталған зейнетақы активтерін аударым жасау рәсімі аяқталмаған жағдайда көрсетілген мәліметтерді енгізуден бас тартады; 
3) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізуге бас тарту үшін негіздеменің болмауы: 
осы салымшы (алушы) атына ашылған жеке зейнетақы шоттарының жабылу қажеттілігін және онымен енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының есебі үшін белгіленген және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан, жинақталған зейнетақы қаражатын Қабылдаушы қорға аударым жасауды жүзеге асыру туралы Қабылдаушы қорды қоспағанда, барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына электронды хабарлама жібереді; 
міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаның бірыңғай тізіміне қабылдаушы қормен берілген, салымшымен (алушымен) жасалған шарт жөнінде мәліметтерді енгізу туралы қабылдаушы қорға электронды хабарлама жібереді. 
4. Орталықтың электронды хабарламалар нысаны, Орталық және жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы шартпен анықталады. 
5. Орталықтың міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізуге бас тарту жөнінде электронды хабарламаны алған күнде, Қабылдаушы қор себебін көрсете отырып, салымшыны (алушыны) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енбегені туралы хабарлайды. 
6. Орталықтың қабылдау қормен берілген міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізу жөнінде электронды хабарламаны алған күнінде, қабылдаушы қор автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасына міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енгендігі туралы мәліметтерді енгізеді және салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шотын ашады. 
7. Жөнелтуші қор орталықтың электронды (электронды) хабарламаны (хабарламаларды) алған күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы салымшының (салымшылардың) (алушының (алушылардың) жеке (жеке) зейнетақы (зейнетақы) шотын (шоттарын) жабады, оның (олардың) жинақталған зейнетақы қаражаты қабылдаушы қорына аударым жасауға жатады, олардың жинақталған зейнетақы қаражаты қабылдаушы қорына аударылатын жеке тұлғалар тізімінің қосымшасымен, 014 төлем тағайындау кодымен МТ102 хабарлама форматында (бұдан әрі – МТ102 төлем тапсырмасы) электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады және өз кастодиан-банкіне береді. 
Жеке тұлғалар тiзiмiнде фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты, туған күні, салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi туралы, сондай-ақ Жөнелтушi қордың зейнетақы ережелерiмен көзделген аударым жасау сомасы мен мәлiметтерi туралы мәлiметтер болады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.03.2010 № 50 Қаулысымен (29.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1) хабарлама алған жинақтаушы зейнетақы қорында салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған жағдайда Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағаны туралы электронды хабарламасын алған күні; 
2) жіберуші Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды аяқтағаннан кейін аударым жасау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жабылады; 
9. Осы Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жіберілген Орталықтың хабарламасын алған жинақтаушы зейнетақы қорында осы салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы Орталыққа Орталықтың тиісті электронды хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабарлайды. 
10. Қабылдаушы қор міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасалған сомасы түскеннен кейін: 
1) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасаудан келіп түскен сомасын қосады; 
2) салымшыны (алушыны) Орталықтың электронды хабарлама алғаннан күннен кейін он бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде жинақталған зейнетақы қаражатының түскендігі туралы міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасалған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт жөнінде мәліметті енгізу туралы хабарлайды.