• Мое избранное
Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6171 болып енгізілді

Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының  26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 269 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 2-тарауын қоспағанда, осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының  26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-не мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                   Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 24 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Талаптар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптарды белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының  26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар:
2-тармақ өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының  26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтанушының мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 197 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);
4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);
5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер;
6) сақтандыру объектісін көрсету;
7) сақтандыру жағдайын көрсету;
8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері;
9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері;
10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;
12) сақтандырылған адам (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
13) сақтандырушының қолы;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 141 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14) сақтандыру полисiнің нөмірi;
15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14804 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа және Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде  № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Резиденттiк мәртебе «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама немесе куәлiк.
Экономикалық қызмет түрі «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11769 тiркелген) 33-қосымшасына сәйкес көрсетiледi.
Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда сондай-ақ филиал басшысының атауы, тұрған жерi, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) болуы тиiс.
Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылады немесе оған қоса берiледі.
3. Сақтандырудың міндетті түрлері (класстары) бойынша сақтандыру полисінде осы Талаптардың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар бар.
3-тармақ өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі басқармасының  26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (26.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
4. Сақтандыру полистерінің бланктерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
Бұл ретте сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланктерінде кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
5. Сақтандыру полисi бланкiсінiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.
6. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа мәтінімен не сиямен (шариктi қаламсаппен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi цифрмен және жазумен көрсетiледi.