1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6287 болып енгізілді
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-ға мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілді
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі
Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен жасалған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін және Қор қатысушысы - сақтандыру ұйымдарына (бұдан әрі - қатысушы-сақтандыру ұйымы) өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шартын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мақсатына мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);
2) кепілдік төлемі - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңында және осы Ережеде көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Қормен қатысу шартын жасасқан және оның акционері болып табылатын сақтандыру ұйымы;
4) өтемақы төлемдері - Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы;
5) сақтандыру актісі - сақтандырушы және (немесе) оның өкілінің қатысуымен қатысушы-сақтандыру ұйымы жасаған үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе мүлкіне) келтірілген зиянның жері, уақыты, мөлшері және себебі көрсетілген және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжат;
6) дебиторлар тізілімі - тарату комиссиясы беретін міндетті сақтандыру шарттарының сақтандыру сыйлықақылары төлемі бойынша таратылатын сақтандыру ұйымы алдында борышы бар тұлғалардың тізімі;
7) кредиторлар тізілімі - тарату комиссиясы беретін кепілдік төлемді алу құқығына иеленген тұлғалар тізімі;
8) өтемақы төлемінің тізілімі - тарату комиссиясы беретін қалған қолданыс кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасау құқығына иеленген тұлғалар тізімі.
2-тарау. Қордың кепілдік төлемдерін жүзеге асыруы
2. Кепілдік төлемін алу негіздері «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 15-бабының 1-тармағында белгіленген.
3. Кредитор «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 15-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негізі бойынша кепілдік төлемін алу үшін Қорға өтініш берген жағдайда, кепілдік төлемін жүзеге асыру жөніндегі жазбаша өтінішке мынадай растайтын құжаттарды:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан не сақтандыру төлемін толық емес көлемде жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандырылушы) арасында жасалған бітімге келу келісімін, сақтандыру төлемін не сақтандыру төлемінің даулы бөлігін заңды күшіне енгені жөніндегі белгімен жүзеге асыру туралы соттың шешімін, не сот актісі болмаған жағдайда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемінен бас тарту немесе оны ішінара жүзеге асыру туралы шешімін (бар болғанда), сондай-ақ жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің көлемін растайтын төлем құжаттарын, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжаттарды;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |