• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6558 болып енгізілді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
12. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) қаулысына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен ақы төлеуді жүзеге асырады.
13. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
14. Қор кепілдік төлемдерін Заңның 15-бабында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 тіркелген) қаулысында белгіленген тәртіпте және талаптар бойынша жүзеге асырады.»;
27-тармақтың 2) тармақшасында «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;»;
8) тармақша алып тасталсын;
8-1) тармақшадағы «сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздер «бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қорды кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылуы туралы хабардар етуге;»;
6) тармақша алып тасталсын;
11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Қатысу шартының қолданылуы
33. Қатысу шарты өтініш берушіге кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілген күннен бастап күшіне енеді.
34. Қатысу шарты:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы негіздерде;
2) сақтандыру ұйымы – қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
35. Кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы – қатысушының осы шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.».
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, артты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені  бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу  әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін  жүргізу туралы ережеде:
бүкіл мәтін бойынша «міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың әрбір түрі бойынша» деген сөздер «азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта «міндетті сақтандырудың» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарна ставкасы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:»;
3-тармақтың екінші, үшінші абзацтарындағы «сақтандырудың міндетті» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде міндетті жарналар ставкасын есептейді, уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына мәлімет үшін жібереді.
Қатысушы сақтандыру ұйымдарының жасаған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпарат берген жағдайда, Қор міндетті жарналар ставкасын түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар ставкасы азайған жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналар есебіне есептейді. Міндетті жарналар ставкасы ұлғайған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша есептелген сомаларды төлейді.
Қатысушы сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) қаулысымен бекітілген пруденциялық нормативтерді және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзған жағдайда, осындай қатысушы сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарналар ставкасы:
1-ден 3 бұзушылыққа дейін – 0,1 пайызға;
4-тен 7 бұзушылыққа дейін – 0,3 пайызға;
8-ден және одан көп бұзушылыққа – 0,4 пайызға ұлғайтылады. 
Осы Ереженің 3-тармағында белгіленген талаптар міндетті жарна ставкасының ұлғаюына қолданылмайды.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі «есептейді, » деген сөзден кейін «уәкілетті органмен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта «міндетті» деген сөз «кепілдік берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта «міндетті» деген сөз «кепілдік берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі «есептейді, » деген сөзден кейін «уәкілетті органмен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақ алып тасталсын.