Осы редакция 02.05.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі, Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігінiң Басшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Министрліктердің жауапты хатшылары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi аппараттарының басшылары Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері
Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, оның орынбасарлары
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері Қазақстан Республикасының Президентi Кеңсесiнiң бастығы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң жетекшiлерi, олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының, Талдау бөлімінің, Ахуалдық орталығының меңгерушілері, олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының директоры, оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының Парламентi Сенаты және Мәжiлiсi аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң мемлекеттiк инспекторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін агенттіктердің жауапты хатшылары
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары
Қалалардың, аудандардың, аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердің, кенттердің, ауылдың әкімдері
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану туралы Ереже
1. Осы Ережеде қолданылатын түсініктер
1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі - олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметшілерге қолданылатын заңдық жауапкершіліктің түрі.
2. Тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі, тиісінше орындамауы немесе лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, тәртiптiк жауапкершілікке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызмет туралы" немесе Заң) белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.
3. Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жасағаны үшін жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік орган қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.
2. Тәртіптік жазалардың түрлері
4. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшілерге мынадай жазалар:
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы
4-1) тиiстi өкiлеттiлiк беруден бас тарту;
4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;
4-3) лауазымын төмендету;
5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.
5. Жасалғаны үшін заңда көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшін жаза қолданылмайды.