Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1129 Жарлығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Toggle Dropdown
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президенті Н. Назарбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1129 Жарлығына
ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
№ 552 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
1-ҚОСЫМША
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
3. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Президент айқындайды.
Toggle Dropdown
5. Әкімшіліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
6. Әкімшіліктің заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" резиденциясы.
Toggle Dropdown
7. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Әкімшіліктің миссиясы мен негізгі міндеттері
Toggle Dropdown
8. Әкімшіліктің миссиясы Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Президенттің мына салалардағы:
Toggle Dropdown
сыртқы саясаты;
Toggle Dropdown
әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
Toggle Dropdown
қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
Toggle Dropdown
құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
Toggle Dropdown
кадр саясаты;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі - Парламент);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
Toggle Dropdown
соттар мен судьяларға қатысты;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
Toggle Dropdown
жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
Toggle Dropdown
өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Әкімшіліктің негізгі функциялары
Toggle Dropdown
10. Президенттің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) әлемдік даму процестеріне, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларына мониторинг, талдау мен болжам жасауды, Президентке оның сыртқы саясаттағы өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) Президент қатысатын халықаралық іс-шаралардың мазмұндық бөлігін үйымдастыруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) Президенттің шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, шетелдің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
4) Президентке:
Toggle Dropdown
сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, шетел мемлекеттерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және шетелдерде Қазақстан Республикасының беделін нығайту жөнінде;
Toggle Dropdown
халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
11. Президенттің әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттары саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президентке:
Toggle Dropdown
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және өзге де ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік жастар және ақпарат саясатын, білім, ғылым, денсаулық сақтау, көші-қон, демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты, қазақстандық отансүйгіштік тұжырымдамасын қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, оның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) елдегі экономикалық және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуы процестеріне мониторинг, талдау және болжам жасау процестерін жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
12. Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президентке елдің әскери саясатының, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігі, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
2) Президенттің Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы шешім қабылдауы кезіндегі қызметін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне мониторингті, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13. Президенттің құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президентке:
Toggle Dropdown
құқықтық саясаттың негізгі бағыттары мен оны жетілдіру жөнінде;
Toggle Dropdown
құқықтық реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде;
Toggle Dropdown
заңдылықты нығайту және құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінде;
Toggle Dropdown
Парламенттің заңнамалық құзыретіне кірмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне жатпайтын мәселелерді оның жарлықтарымен құқықтық реттеу туралы;
Toggle Dropdown
2) тиісті кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық саясаты саласындағы мемлекеттің бағдарламалық құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
14. Президенттің кадр саясаты саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президентке Қазақстан Республикасындағы кадр саясаты жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
2) Президенттің кадр саясатын іске асыруы жөнінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді және қызметіне бақылау жасайды;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік саяси қызметшілердің кадр резервін қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Toggle Dropdown
4) Президент тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешуді ұйымдастырады, олардың жеке істерін жүргізеді.
Toggle Dropdown
15. Президенттің Парламентке қатысты өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президенттің заң шығарушылық бастамашылығы құқығын іске асыру мақсатында заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, оларға құқықтық және өзге де сараптама жүргізіп, әзірлейді, олардың Парламент Мәжілісіне енгізілуін қамтамасыз етеді және оларға Парламентте өкілдік етеді;
Toggle Dropdown
2) Президентке:
Toggle Dropdown
заңдар жобаларының басымдылығын айқындау, Парламенттің оларды қарауын шұғыл деп жариялау жөнінде;
Toggle Dropdown
Парламент палаталарының бірлескен немесе бөлек отырыстарына қатысуы жөнінде;
Toggle Dropdown
Президенттің Парламент, партиялық фракциялар басшылығымен және депутаттық топтармен, Парламенттің жекелеген депутаттарымен кездесуін өткізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
3) Президентке қол қоюға енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарына құқықтық және өзге де сараптаманы жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) Президенттің шешімі бойынша қайталап талқылап, дауыс беру үшін заңдарды немесе олардың жекелеген баптарын Парламентке қайтаруды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) Парламенте Президент мүддесін, соның ішінде қол қоюға ұсынылған заңдарға қарсылықтар бойынша Парламенте Президенттің ұстанымын білдіреді;
Toggle Dropdown
6) Парламенттегі заңнамалық үдерістің жай-күйі және олар қарайтын мәселелер туралы Президентті тұрақты хабардар етіп отырады, Президенттің заңдар жобалары бойынша ұстанымын түсіндіреді.
Toggle Dropdown
16. Үкімет пен орталық атқарушы органдарға қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) Президентке:
Toggle Dropdown
Үкіметтің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар жүйесін жетілдіру туралы;
Toggle Dropdown
Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу туралы Үкіметке тапсырмалар беру туралы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында белгіленгеннен басқа, соған сәйкес Үкіметке атқарушы функциялар жүктелетін актілер шығару туралы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрі актілерінің күшін жою не оларды толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы;
Toggle Dropdown
Айрықша маңызды мәселелер бойынша Президенттің Үкімет отырыстарына төрағалық етуі туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
3) Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің отырыстарында тұжырымдалған Үкімет шешімдерінің жобаларын келіседі;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, Үкімет пен мемлекеттік органдар актілерінің жобасын келісуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) Үкіметте әзірленген заңнамалық актілер жобаларын олар Парламент Мәжілісіне енгізілгенге дейін белгіленген тәртіппен құқықтық және өзге де сараптамадан өткізіп, келіседі;
Toggle Dropdown
6) Үкіметтің заңжобалық жұмыс жоспарының жобаларына, Үкіметтің заңжобалық жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер жобаларына қорытынды дайындайды, сондай-ақ орындаулына бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Конституциялық Кеңеске қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда, Президенттің мәлімдемелері мен Президенттің Конституциялық Кеңес шешімдеріне қарсылықтарын дайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
18. Соттар мен судьяларға қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынысы бойынша;
Toggle Dropdown
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьяларын, тиісті соттар алқаларының төрағаларын Президенттің қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы кезінде;
Toggle Dropdown
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша судьяларды тұтқындауға, оны алып келуге, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жаза шараларын қолдануға келісім беру туралы шешім қабылдау кезінде Президенттің қызметін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) сот жүйесін жетілдіру бойынша Президентке ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
19. Орталық сайлау комиссиясына қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жетілдіру туралы Президентке ұсыныстар енгізу жөніндегі функциясын орындайды.
Toggle Dropdown
20. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг пен талдау жүргізіп, өңірлердегі істердің жағдайы туралы Президентті хабардар етіп отырады;
Toggle Dropdown
3) жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есеп беру кездесуін өткізуіне бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) Президентке:
Toggle Dropdown
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарының қызметін жетілдіру туралы;
Toggle Dropdown
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері актілерінің күшін жою не толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы;
Toggle Dropdown
өңірлік даму стратегиялары мен бағдарламалары, жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың сындарлы бірлескен жұмысы, олардың елдің орталық органдарымен өзара іс-қимылы бойынша;
Toggle Dropdown
қажет болған жағдайда, мәслихаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
21. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (бекітілген тізбеге сәйкес) қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру, қызметін жетілдіру туралы Президентке ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
3) осы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
22. Өзге де Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Toggle Dropdown
1) Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) Президентке:
Toggle Dropdown
барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша;
Toggle Dropdown
мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті, жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптарын беру; мемлекеттік наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айыру бойынша;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оны сақтау мен одан шығу, Республика азаматтығындағы қалпына келтірулер, саяси баспана беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
3) Президенттің азаматтарға кешірім жасауын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
4) елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жылсайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
5) Президент қызметін ақпараттық-талдамалық және хаттамалық-ұйымдық, соның ішінде оның қатысуымен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6) Президент актілерін, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындауды ұйымдастырып, оған қатысады;
Toggle Dropdown
7) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды келісуді, олардың мониторингі мен бақылануын, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін талдауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты, Президенттің, Мемлекеттік хатшының актілері мен тапсырмаларын іске асыруына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы, бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9) белгіленген тәртіппен жекелеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіріп, басшылық жасауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
10) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді, Президент қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін, Президенттің олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
11) Президент қол қойған заңдарды, сондай-ақ Президент шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, олардың жариялануын, таратылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
12) Президенттің атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларға талдау жүргізеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
13) Үкімет, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, лауазымды адамдар қызметі нәтижелерінің Президентте қаралуына дайындықты қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
14) Президентті құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісінше құжат айналымын ұйымдастыруды, ақпараттық технологияларды енгізіп, дамытуды, Әкімшіліктің талдау кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, іс жүргізу ережелерінің сақталуы мен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді бақылау арқылы жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
15) Мемлекеттік хатшының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Әкімшіліктің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
Toggle Dropdown
23. Әкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі - Әкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.
Toggle Dropdown
24. Әкімшілікті Президент қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, және оның тікелей басшылық етуімен жұмыс істейтін, оған есеп беріп, бақылауында болатын Әкімшілік Басшысы басқарады.
Toggle Dropdown
Әкімшілік Басшысы:
Toggle Dropdown
1) Мемлекет басшысына Әкімшілік туралы ережені бекітуге ұсынады, Әкімшіліктің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар енгізеді, Әкімшіліктің штат кестесін бекітеді, бекітілген штат саны шегінде оған өзгерістер енгізеді;
Toggle Dropdown
2) Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
3) Әкімшілік Басшысының орынбасарлары мен Кеңсе бастығының арасындағы, сондай-ақ Президентпен келісім бойынша Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін бекітеді (бұдан әрі — Бөлініс);
Toggle Dropdown
4) Президенттің қарауына Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президент көмекшілерін, Президент Кеңсесі бастығын, Президент кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
5) Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары орынбасараларын, мемлекеттік инспекторларды, сектор меңгерушілері мен Әкімшіліктің өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
6) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Toggle Dropdown
7) Президент актілерінің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, осы мақсаттарда Әкімшілікте құжаттардың өтуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, сондай-ақ Президент қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен кеңестер өткізеді;
Toggle Dropdown
8) Президенттің қол қоюына Парламент қабылдаған заңдарды, жарлықтардың, өкімдердің жобаларын және қарауына Президентке жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
Toggle Dropdown
9) Әкімшіліктің бұйрықтарын шығарады;
Toggle Dropdown
10) Әкімшіліктегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Toggle Dropdown
11) Әкімшіліктің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсауға басшылық жасайды;
Toggle Dropdown
12) қызметтік құжаттарға қол қояды;
Toggle Dropdown
13) Әкімшіліктің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
Toggle Dropdown
14) Әкімшіліктің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
Toggle Dropdown
15) ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Президенттің тапсырмаларын орындау үшін жұмысқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тартуға құқылы;
Toggle Dropdown
16) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
17) Әкімшілікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
Toggle Dropdown
18) тұрақты негізде Әкімшіліктің Парламентпен, оның палаталарымен, Парламент палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Премьер-Министр Кеңсесімен; министрліктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен; Коституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
19) Парламенттің және оның палаталарының ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы;
Toggle Dropdown
20) Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстары мен алқа жиналыстарына және Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына қатысуға құқылы;
Toggle Dropdown
21) Президенттің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
22) басшы лауазымдарға Президент тағайындайтын немесе оның ұсынысымен тағайындалатын кандидатуралар бойынша Президентке ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар және мемлекеттің лауазымды тұлғалары басшы лауазымдарға ұсынған кандидатураларды Президентпен келісуді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
23) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды Әкімшіліктің өзге де басшы лауазымды тұлғаларына беруге құқылы;
Toggle Dropdown
24) осы Ережеде көзделген, сондай-ақ оған Президент жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысы белгілеген орынбасарларының бірі атқарады.
Toggle Dropdown
26. Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президенттің көмекшілерін, Президент Кеңсесінің бастығын, Президенттің кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
27. Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы:
Toggle Dropdown
1) Президенттің, Әкімшілік Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
2) Президентті елдегі істің жағдайы туралы хабардар етеді, оны ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
3) Бөлініске сәйкес өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
Toggle Dropdown
4) Бөлініске сәйкес Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, олардың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) Президент пен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
28. Президенттің кеңесшілері:
Toggle Dropdown
1) қадағалайтын саладағы істің жағдайы туралы Президентті хабардар етеді, оны ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) Президент пен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
29. Президент міндеттердің бірінші кезектілігіне және маңыздылығына қарай осы ережеде көзделгендерден ерекше өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді көмекшілері мен кеңесшілеріне жүктеуі мүмкін. Мемлекет басшысы көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.
Toggle Dropdown
30. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Toggle Dropdown
1) құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауды, Президенттің актілері мен тапсырмаларын, Әкімшілік Басшысының тапсырмаларын уақтылы және егжей-тегжейлі орындауды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
2) өз орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, құрылымдық бөлімше мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Toggle Dropdown
3) еңбекті ұйымдастыруды және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Әкімшілікте белгіленген ережелерге сәйкес іс қағаздарын жүргізуге жауап береді;
Toggle Dropdown
4) Әкімшіліктің өзі басқаратын құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, оны көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органдар құзырындағы ақпараттық мәліметтер банкін белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;
Toggle Dropdown
6) Үкіметтің отырыстарына, мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы;
Toggle Dropdown
7) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға құқылы;
Toggle Dropdown
8) Президент пен Әкімшілік басшылығы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
31. Әкімшілік қызметкерлері Әкімшіліктің алдында тұрған міндеттерді шешу жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Toggle Dropdown
32. Осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін Әкімшілік:
Toggle Dropdown
1) мыналарға:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;
Toggle Dropdown
министрліктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;
Toggle Dropdown
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдеріне;
Toggle Dropdown
тиісінше сот төрелігін жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша - Жоғары Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);
Toggle Dropdown
Ұлттық Банкке, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға тапсырма беруге;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Toggle Dropdown
Әкімшіліктің қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды беру жөніндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын тапсырмалары мен сауалдарына, егер Әкімшілік өзгеше мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап қайтарылады;
Toggle Dropdown
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметін үйлестіру мен бақылауға, Президент пен оның Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына, оның ішінде Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғалары актілерінің Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкестігі мәніне тиісті тексерулер ұйымдастыруға;
Toggle Dropdown
4) Республика заңдарының, Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуы барысында анықталған жолсыздықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге;
Toggle Dropdown
5) анықталған кемшіліктерді, Қазақстан Республикасы заңдарының, Республика Президенті актілерінің сақталмауы және оның тапсырмаларының орындалмауы фактілерін болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
Toggle Dropdown
6) тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктерін тыңдау және жазбаша түсінік берулерін талап етуге;
Toggle Dropdown
7) Әкімшілік жүргізген тексерулердің нәтижелерін Республика Президентіне жүйелі түрде баяндауға құқылы.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 1) - 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің кеңесшілері ие болады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Әкімшіліктің мемлекеттік инспекторлары ие болады.