• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығы
ҚР ПҮАЖ-нда және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңына  сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптік кеңестерi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын; 
2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):
1-қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік         қызмет істері жөніндегі агенттігі                       164,         соның iшiнде аумақтық органдар                          120"         деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк         қызмет iстерi агенттiгі                                 253,         соның ішiнде аумақтық органдар                          204";
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 532-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат, N 15, 149-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі туралы ережеде: 
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: 
"5-1. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесшi органдары - тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
9-тармақтың 10-1) тармақшасында: 
"орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының" деген сөздер алып тасталсын;
"Қызмет этикасы ережесiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң  ар-намыс кодексiн  (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"С-3" деген сөз тiркесiнен кейiн ", С-4" деген сөз тiркесiмен толықтырылсын;
"облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң қызметiн үйлестiредi, олардың жұмысына бақылау жасайды және тексередi, олардың басшыларын тағайындауға келiсiм бередi;" деген сөздер алып тасталсын;
16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5) Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдардың басшылары - тәртiптiк кеңестердiң төрағаларын, олардың орынбасарларын, Агенттiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптік кеңестерi хатшылықтары меңгерушiлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттiк ұйымдардың басшыларын белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";
3) "Мемлекеттiк саяси қызметшілер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшілерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат, N 33, 439-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тiзiлiмiнде он үшiншi жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшілерге тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ережеде: 
2-тармақтағы "Қызмет этикасы ережесiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң  ар-намыс кодексiн  (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-1-тармақта: 
бiрiншi абзацтағы "қызмет этикасы ережесiнiң" деген сөздер  "Ар-намыс кодексiнiң"  деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң орынбасарлары мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi аппараттарының басшылары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнен басқа, барлық деңгейдегi әкiмдер жол берген  Ар-намыс кодексiнiң  бұзылуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсыным, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оларды қызмет орнынан босатуға дейiн, тәртiптiк жауапкершiлігi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.";
4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптік жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат, 2002 ж., N 18, 196-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiнде: 
бiрiншi бөлiмде: 
екiншi абзацтағы "қызметтік этика нормаларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң  ар-намыс кодексiн  (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта: 
"орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының" деген сөздер алып тасталсын;
"Қызмет этикасы ережесiн" деген сөздер " Ар-намыс кодексiн " деген сөздермен ауыстырылсын;
"С-3" деген сөз тіркесiнен кейiн ", С-4" деген сөз тiркесiмен толықтырылсын;
жетiншi абзацта "Қызмет этикасы ережесiн" деген сөздер " Ар-намыс кодексiн " деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормалары мен  Ар-намыс кодексiн  бұзуға жол берген С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-О-7, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, С-R-6 санаттарындағы, D және E санаттары топтарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды.";
21-тармақтағы "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының облыстық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегі N 372  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат): 
2-тармақтың 2) тармақшасында:
бесiншi абзацтағы "облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары;" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: