Bestprofi Logo

Жарлық № 1598 от 2005-06-30г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығы

Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)

ҚР ПҮАЖ-нда және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 156 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 164, соның iшiнде аумақтық органдар 120" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгі 253, соның ішiнде аумақтық органдар 204";

2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)

3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

5-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

6) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

6-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 28.12.2007 жылғы № 501 Жарлығымен (27.11.2007 ж. редакцияны қараңыз) (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)

7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

7-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)

4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереже

Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.11.2007. № 446, 18.02.2011 № 1157 Жарлықтарымен (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 16.08.2013 жылғы № 616 Жарлығымен (18.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (16.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) Ереже күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 156 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание