• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 24 қыркүйек N 951

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 12.02.2019 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес
Редакция 29.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:  
1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88  Жарлығына:  
Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде:  
6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;  
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
"13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi";  
17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;  
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  
"7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;"; 
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына: 
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн; 
Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын; 
Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары"; 
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 12.10.2006. № 201 жарлығымен (24.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен (12.10.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 16-бабы мынадай редакцияда жазылсын: 
"16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi болып табылады". 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті