Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 852 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 212-құжат; N 21, 265-құжат; 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; 2007 ж., N 42, 479-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада:
"мемлекеттік органдардың", "және бекітілетін" деген сөздер алып тасталсын;
"басшы қызметкерлерінің" деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тағайындауын және босатуын Қазақстан Республикасының Президенті жүргізетін лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы саяси лауазымдарға кандидаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша алдын ала тестілеуден өтеді деп белгіленсін";
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 852 Жарлығына 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың ТІЗБЕСІ
Кім тағайындайды (сайлайды) | Тағайындау (сайлау) үшін кім ұсынады (ұсыным жасайды) | Кіммен келісіледі | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Президент | Парламент Мәжілісі | |
Парламент Сенатының Төрағасы | Парламент Сенаты | Президент | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы | Президент | ||
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы | Президент | ||
Конституциялық Кеңестің Төрағасы және екі мүшесі | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Жоғарғы Соттың Төрағасы және судьялары | Парламент Сенаты | Президент | Жоғары Сот Кеңесі |
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
Ұлттық Банкі Төрағасы | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары | Президент | Премьер-Министр | |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және екі мүшесі | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Президент | Әкімшілік Басшысы | Парламент Сенаты |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және екі мүшесі | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері | Президент | Премьер-Министр | |
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлері | Президент | ||
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | Президент | тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары | |
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері | Президент | Сыртқы істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
Парламент Сенатының он бес депутаты | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары | Үкімет | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары | Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары | Президент | Ұлттық Банк Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы | Премьер-Министр |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарлары | Президент | Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет - министрлері | Әкімшілік Басшысы |
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары | Президент | Президенттің Іс басқарушысы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы ҰҚК Арнаулы ақпарат қызметінің директоры, алқа мүшелері | Президент | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы | Президент | Жоғарғы Сот Төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы | Президент | Бас прокурор | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры | Президент | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлері түрлерінің, тектерінің қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы | Президент | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы | Президент | Ішкі істер министр | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасындағы өкілдері | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары | Президент | Жоғары Сот Кеңесі | |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасарлары | комитет төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы | |
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
|
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары | министрлер | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерінің орынбасарлары, аппараттарының жетекшілері | Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | Әкімшілік Басшысы | |
Облыстардың аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері | облыс әкімі | Әкімшілік Басшысы, облыстың ауданының, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаты | |
Қалалардағы аудандардың әкімдері | қала әкімі | Әкімшілік Басшысы, қала мәслихаты | |
Аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері | аудан әкімі | Әкімшілік Басшысы, облыстың тиісті аудандарының мәслихаты | |
Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет, төтенше жағдайлар және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттерінің төрағаларының орынбасарлары | министр | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы | |
Ішкі істер министрлігі комитеттері төрағаларының орынбасарлары | министр | Әкімшілік Басшысы | |
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Кеден бақылау комитетінің, Салық комитетінің төрағаларының орынбасарлары | министр | комитеттер төрағасы | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы |
Әділет министрлігі комитеттері төрағаларын орынбасарлары | министр | комитеттер төрағасы | Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы |
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас прокурор | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы | |
Бас прокуратураның орталық аппараты департаменттерінің* бастықтары | Бас прокурор | Әкімшілік Басшысы | |
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті төрағасының орынбасарлары | Бас прокурор | комитет төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппараты департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Академиясының және Әскери институтының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің департаменттері бастықтары | "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы | |
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің, бас инспекцияларының, орталық командалық пунктінің, бас басқармаларының бастықтары | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларының, әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың сот әкімшілері | Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары | Қорғаныс министрі | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы | |
Астана, Алматы қалаларының, облыстардың көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің*, Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру жөніндегі орталықтың, Академиялардың және Қарағанды заң институтының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Ішкі әскерлердің Жоғары әскери училищесінің бастығы | Ішкі істер министрі | Ішкі әскерлер қолбасшысы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық аппараты департаменттерінің*, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының), Қаржы полициясы академиясының бастықтары | Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, облыстардың кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары | Қаржы министрі | Кеден бақылау комитетінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің директорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Төтенше жағдайлар министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің бастықтары | жауапты хатшы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі | |
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша басқармаларының бастықтары, "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры | Әділет министрі | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңес төрағалары | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ішкі саясат басқармаларының бастықтары | Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайының директоры | Президент | Президент Кеңсесінің бастығы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры | Президент | Президент Кеңсесінің бастығы | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары | Президент | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры" АҚ басқарма төрағасы | Президент | Премьер-Министр | |
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "КазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ басқармалары төрағалары | тиісті холдингтердің директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
"Арна Медиа" ұлттық ақпарат холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық иифокоммуникациялық холдингі" АҚ, "КазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-на кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | директорлар кеңесі | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
Холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | директорлар кеңесі | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
* Бас прокуратураның, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының), Ішкі істер министрлігінің құзыретіне - тылды қамтамасыз ету, қаржы-экономикалық, тіл саясаты және ақпарат, құжаттамалық қамтамасыз ету және оның айналымы, және мемлекеттік құпия мәселелері кіретін орталық аппараты департаментінің бастықтарын қоспағанда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 852 Жарлығына 2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілерді қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
Үкімет мүшелері жөнінде - Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда - Республиканың Премьер-Министрі;
Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жөнінде - Республика Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Әкімшілік) Басшысы;
дипломатиялық өкілдіктер басшылары жөнінде - Сыртқы істер министрі енгізеді.
2. Республика Президентінің өкімдерімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшілікке тиісті мемлекеттік органның басшысы енгізеді.
3. Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезінде келісім беру туралы ұсынымдарды Әкімшілікке:
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары; мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;
министрліктер ведомстволары және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары жөнінде - тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды адамдары жөнінде - тиісті органдардың басшылары;
жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшы лауазымды тұлғалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері;
орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар жөнінде - тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары енгізеді.
4. Қазақстан Республикасының Президенті осы Ережеде көзделген рәсімдерді сақтамай, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізе алады.
2. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге де лауазымды тұлғаларды келісуді, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру
5. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметке тағайындауға келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсынымды;
кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтерді жібереді.
6. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметтен босатуды келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3 тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
қызметтен осылайша босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсынымды;
кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
өтінішін (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жібереді.
7. Қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнінде Әкімшілікке ұсынылған материалдар тіркеу үшін әрі ресімдеу сапасына және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесінің бар екеніне тексеру жүргізу үшін мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - Кадр қызметі) жіберіледі.
Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысының қарауына беріледі, ол келісілетін кандидатураларды зерделеу жөнінде Әкімшіліктің тиісті лауазымды тұлғаларына тапсырмалар береді.
8. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі.
9. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру жөнінде ұсынылған материалдарды талдау барысында құрылымдық бөлімшелер қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін жергілікті жерге бару не оны Әкімшілікке әңгімелесуге шақыру арқылы зерделейді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
10. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісу жөнінде он жұмыс күні ішінде жұмыс жүргізеді және тиісті құжаттарды кейіннен Әкімшілік Басшысының қарауына енгізу үшін Кадр қызметіне жібереді.
11. Тиісті лауазымды тұлғалар қызметке тағайындаумен немесе қызметтен босатумен келіспеген жағдайда Әкімшілік Басшысына қорытынды ұсынылады, онда бас тартудың нақты себептері көрсетіледі.
Бұл ретте олар тағайындалатын лауазымға өзге кандидатураны Әкімшілік Басшысының қарауына енгізуге хақылы.
12. Келісуге ұсынылған материалдарды қарағаннан және кажет болған жағдайда Мемлекет басшысын хабардар еткеннен кейін Әкімшілік Басшысы қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы Кадр қызметі бір күн мерзім ішінде мемлекеттік органдарға хабарлайды.
13. Республика Президентінің лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын дайындауды Кадр қызметі жүзеге асырады.
14. Мемлекет басшысымен немесе Әкімшілік Басшысымен келісілуге тиіс кандидатураларды, олар тиісті шешім шығарғанға дейін, қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы актілерді қабылдауға жол берілмейді.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен жүргізілетін, лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Мемлекет басшысына оның Әкімшілігінің Басшысы тікелей баяндауы мүмкін.
3. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де басшы қызметкерлердің лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу
16. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшілікте келісілуге тиіс барлық кандидатуралар Кадр қызметінде және тиісті бейіндегі құрылымдық бөлімшелерде алдын ала зерделенуге тиіс.
17. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығында мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, қызметтер директорлары, алқа мүшелері, орталық аппарат департаменттерінің, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ҰҚК департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары; "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің бастықтары;
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің, бас инспекцияларының, орталық командалық пунктінің, бас басқармаларының бастықтары; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларының, әскерлері тектері, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Астана және Алматы қалаларының және облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары;
Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері;
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттерінің төрағалары және төрағаларының орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерінің директорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;
Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, комитеттері төрағалары.
18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Энергетика және минералдық ресурстар, Туризм және спорт министрлерінің орынбасарлары, жауапты хатшылары, министрліктер комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Салық комитетінің төрағалары;
Ұлттық Банк, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағаларының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар және холдингтер басқармаларының төрағалары; ұлттық компаниялар құрамына кірмейтін холдингтер басқармаларының төрағалары.
19. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқық қорғау жүйесі мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Бас прокурордың орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы, орталық аппараты департаменттерінің бастықтары;
Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары және олардың орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерінің, аса қауіпті қылмыскерлермен күресті үйлестіру орталығының бастықтары; ішкі әскер бригадаларының (бірлестіктері) командирлері; Ішкі істер министрлігі Академиясының және Қарағанды заң институтының, Ішкі әскерлер жоғары әскери училищесінің басшылары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер басқармаларының бастықтары;
Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы және төрағаның орынбасарлары, орталық аппараты, Астана және Алматы қалалары, облыстық басқармаларының бастықтары, "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры;
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың кеден бақылау департаменттерінің бастықтары;
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары, орталық аппараты департаменттерінің, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары.
20. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, сыртқы саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттері төрағалары, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері.
21. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін жүргізуші құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы және комитеттер төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары (Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қоспағанда), Әділет министрлігінің Алматы және Астана қалалары, облыстық әділет департаменттерінің бастықтары;
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, Алматы және Астана қалаларының, облыстардың сот әкімшілері.
22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшіліктің ішкі саясат мәселелерін жүргізетін бөлімшесінде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Мәдениет және ақпарат, Денсаулық, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің орынбасарлары, жауапты хатшылары және комитеттер төрағалары;
Адам құқығын қорғау ұлттық орталығының жетекшісі;
әкімдердің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарлары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ішкі саясат басқармаларының бастықтары; Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ және олардың құрамына кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары.
23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшіліктің аумақтарды дамыту жөніндегі мәселелерін жүргізетін бөлімшесінде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдік аппараттарының басшылары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қаладағы аудандардың әкімдері, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері; Мемлекеттік қызмет агенттігінің аумақтық органдардың басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |