• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 101 Жарлығы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-1-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) Президент Әкімшілік Басшысы»  
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) Президент Әкімшілік Басшысы»;  
мына:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Президент Ұлттық Банк Төрағасы Әкімшілік Басшысы»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасары
Президент Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары Әкімшілік Басшысы»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары Үкімет Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары Президент Президенттің Іс басқарушысы Әкімшілік Басшысы»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасындағы өкілдері
Президент Әкімшілік Басшысы»  
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасындағы өкілі
Президент Әкімшілік Басшысы»;  
мына:
«Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары Президент Жоғары Сот Кеңесі»  
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі комитеттерінің төрағалары Ұлттық Банк Төрағасы   Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері
комитеттерінің төрағалары
министрлер   Әкімшілік Басшысы»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы   Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет, төтенше жағдайлар және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттері төрағаларының орынбасарлары министр   Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы
Ішкі істер министрлігі комитеттері төрағаларының орынбасарлары министр   Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар алып тасталсын;
мына:
«Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Кеден бақылау комитетінің, Салық комитетінің төрағаларының орынбасарлары министр комитеттер төрағасы Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары министр комитет төрағасы Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы»;
мына:
«Әділет министрлігі комитеттері төрағаларының орынбасарлары министр комитеттер төрағасы Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы»,
«Бас прокуратураның орталық аппараты департаменттерінің* бастықтары Бас прокурор   Әкімшілік Басшысы
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке aлу комитеті төрағасының орынбасарлары Бас прокурор комитет төрағасы Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар алып тасталсын;
мына:
«Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің, бас инспекцияларының, орталық командалық пунктінің, бас басқармаларының бастықтары Қорғаныс министрі   Әкімшілік Басшысы»,
«Астана, Алматы қалаларының, облыстардың көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары Ішкі істер министрі   Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің*, Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру жөніндегі орталықтың, Академиялардың және Қарағанды заң институтының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері Ішкі істер министрі   Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы Қорғаныс министрі   Әкімшілік Басшысы»,
«Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары Ішкі істер министрі   Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы
Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері Ішкі істер министрі   Әкімшілік Басшысы»
мына:
«Ішкі әскерлердің Жоғары әскери училищесінің бастығы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлер қолбасшысы Әкімшілік Басшысы»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық аппараты департаменттерінің*, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының), Қаржы полициясы академиясының бастықтары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы   Әкімшілік Басшысы
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, облыстардың кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары Қаржы министрі Кеден бақылау комитетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы
Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты департаменттерінің директорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары Төтенше жағдайлар министрі   Әкімшілік Басшысы»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы   Әкімшілік Басшысы
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары Қаржы министрі Кеден бақылау комитетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы
Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары Төтенше жағдайлар министрі   Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша басқармаларының бастықтары, «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Әділет министрі   Әкімшілік Басшысы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары Әділет министрі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы
Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Әділет министрі   Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ішкі саясат басқармаларының бастықтары Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері   Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқармалары төрағалары тиісті холдингтердің директорлар кеңестері Премьер-Министр Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқармалары
төрағалары
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері Премьер-Министр Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»;
мына:
«Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары директорлар кеңесі Премьер-Министр Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»;
деген жол алып тасталсын;
мына: 
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы   Әкімшілік Басшысы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары Әділет министрі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қол басшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер түрлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттерінің төрағалары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономикалық даму және сауда, Мұнай және газ, Байланыс және ақпарат, Туризм және спорт министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;
Ұлттық Банк, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары; Ұлттық Банк комитеттерінің төрағалары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқық қорғау жүйесі мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Бас прокурордың орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы;
Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Алматы және Қарағанды академияларының басшылары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары;
Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасарлары, аумақтық департаменттерінің бастықтары, «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;
Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасарлары, аумақтық кеден бақылау департаменттерінің бастықтары;
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары.»;
21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары (Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қоспағанда), Әділет министрлігінің Алматы және Астана қалалары, облыстық әділет департаменттерінің бастықтары;»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, ішкі саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Мәдениет, Байланыс және ақпарат, Денсаулық, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің орынбасарлары, министрліктерінің жауапты хатшылары және комитеттер төрағалары; Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасарлары;
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы;
әкімдердің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және олардың құрамына кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік бақылау және аумақтарды дамыту мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
     Президенті                           Н. Назарбаев