• Мое избранное

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығы

1-тармақты қоспағанда, осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 01.06.2016 жылғы № 272 Жарлығына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1
1. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган деп айқындалсын.
4. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын;
2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат, № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Назарбаев орталығы» директоры, оның орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Орталық коммуникациялар қызметі» директоры, оның орынбасарлары»;
2) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
«Назарбаев       Президент       Президент       Әкімшілік
орталығы»                        Кеңсесінің      Басшысы»
директоры                        бастығы

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      
«Орталық         Президент       Әкімшілік
коммуникациялар                  Басшысы».
қызметі»
директоры
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.