Bestprofi Logo

Жарлық № 321 от 1999-12-31г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 31 желтоқсан N 321

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 489-құжат) күші жойылған деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол қызметшілерге өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жүктеледі.

Қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығуы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексi) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында белгіленген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы болып табылады.

Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) қызметшілердің теріс қылық жасағаны үшін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес тиісті құқығы бар тұлға (әдетте, мемлекеттік органның басшысы. Бұдан әрі - мемлекеттік органның басшысы) қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.

Қызметтік тексеру - қызметшінің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнінде атқарылатын қызмет.

Мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - теріс қылықтың жасалу мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ бағалау және жаза шарасы жөнінде мемлекеттік органның басшысына ұсыным енгізу мақсатында теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тексеру және зерттеу материалдарын қарау үшін мемлекеттік органда құрылатын тұрақты алқалы орган.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тәртiптiк жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.

Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және Ар-намыс кодексiн бұзған В-1 санатындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң, қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия қарайды (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия).

Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормалары мен Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-О-7, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, С-R-6 санаттарындағы, D және E санаттары топтарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды.

Бiр тәртiптiк iстiң аясында материалды жеке өндiрiске бөлместен әр түрлi санаттағы бiрнеше қызметшiлердiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, iстi неғұрлым жоғары мәртебеге (санатқа) ие мемлекеттiк қызметшiнiң терiс қылықтары туралы iстердi қарау құқығы бар орган қарайды.

1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2000 № 459, 21.06.2002 № 895, 30.06.2005 № 1598, 27(01.07.2005 бастап қолданысқа енгізіледі).11.2007 № 446, 28.12.2007 № 501 (01.01.2008 бастап күшіне енеді), 18.02.2011 № 1157, 16.11.2012 № 435 Жарлықтарымен.(қолданысқа енгізілe тәртібін 3-т. қараңаз)

2. Жазаның түрлері мен теріс қылық түрлері

1. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшілерге теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы

4-1) тиiстi өкілеттілік беруден бас тарту;

4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;

5) атқаратын қызметінен босату.

1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2002. № 895 Жарлығымен. (09.10.2000 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: елеулсіз, елеулі және ауыр.

3. Қызметші алғаш рет немесе бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол қызметшіге сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жаза қолдануға әкеп соғады, бұған жасалғаны үшін жұмыстан босату көзделген теріс қылық қосылмайды.

4. Қызметшінің сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі бұрын қолданылған жаза алынып тасталмай тұрып, алты ай ішінде қайталап жасаған теріс қылығы елеулі теріс қылық болып табылады, мұндай теріс қылық жасағаны үшін қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы түріндегі жаза қолданылады.

4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2000. № 459 Жарлығымен.

5. Жасағаны үшін қолданылып жүрген еңбек заңдарына, мемлекеттік қызмет туралы заңдарға, Қазақстан Республикасының антикоррупциялық заңдарына сәйкес өзге де негіздер бойынша жұмыстан шығару көзделген теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады.

6. Жаза қолданылғанға дейін мемлекеттік орган басшысының не қызметшінің тікелей бастығының қызметшіге еңбек тәртібін, қызметтік міндеттерін сақтау қажеттігі туралы жазбаша түрде құқығы болады. Мұндай кадр қызметіне беріледі және қызметшінің жеке ісінде сақталады. Жазбаша жаза болып табылмайды.

7. Жазбаша жасалған қызметшінің жазбаша түсініктеме беру құқығы болады. Мұндай жазбаша түсініктеме кадр қызметіне беріледі және қызметшінің жеке ісінде сақталады. Жазбаша және түсініктеме кейін қызметтік тексеру жасау және жаза қолдану процесінде қосымша материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін.

8. Жазбаша мен түсініктеме берілген сәтінен бастап алты ай бойы кадр қызметінде сақталады. Алты ай өткеннен кейін кадр қызметі оларды қызметшінің жеке ісінен алып жояды.

3. Жаза қолдану негіздері мен жағдайлары

9. Қызметшінің теріс қылық жасауы жаза қолдану үшін негіз болып табылады.

10. Жаза жасалған теріс қылықтың ауырлығына, түріне және оны жасаған адамның кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

3) жасалған теріс қылық әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін келеңсіз зардаптар;

4) теріс қылық жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы;

6) қызметшінің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар жинақтала ескеріледі.

12. Қызметші елеусіз теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметші осы теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда мемлекеттік орган басшысының қызметтік тексеру жүргізбей-ақ сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жаза қолдану құқығы болады.

Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда мемлекеттік орган басшысының бұйрығы бойынша осы Ережемен айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тексеру жүргізілуге тиіс.

13. Қызметіне сәйкес еместігі және атқаратын қызметінен босату түріндегі жазалар тек қана жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері және осы Ережемен айқындалған тәртіпке сәйкес Комиссияның тиісті ұсынымы бойынша қолданылады.

14. Өзіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетін қызметшіні мемлекеттік орган басшысы, Комиссияның ұсынымы бойынша, жауапкершілігі жөніндегі мәселе шешілгенге дейін, бірақ он төрт күннен аспайтын мерзімге лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание