Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 9 қазан N 459
Toggle Dropdown
Редакция 29.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат):
Toggle Dropdown
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
Toggle Dropdown
бірінші тарауда:
Toggle Dropdown
екінші абзацтағы "нормаларын бұзуы," деген сөздерден кейін "тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы," деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тәртіптік ретпен жазаланатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.";
Toggle Dropdown
4-тармақтағы "бір жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"20. Қызметтік тексеру мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) теріс қылық жасалған күннен немесе ол байқалған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік орган басшысының бұйрығы болмаса қызметтік тексерулер жүргізуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Қызметтік тексерулер қызметшінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе іссапарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"20-1. С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қызметтік тексерулер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Ереженің 20-тармағында белгіленген мерзімде және тәртіппен уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізеді.
Toggle Dropdown
Қажетті жағдайларда уәкілетті орган қызметтік тексеру жүргізуді өз мемлекеттік органының кадр қызметіне тапсыруы мүмкін.";
Toggle Dropdown
21-тармақтағы "сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия" деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
22-тармақта:
Toggle Dropdown
"кадр қызметі" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"қарауына" деген сөзден кейін "тиісті дәлелденген қорытындылармен" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
23-тармақ "кадр қызметі" деген сөздерден кейін және 24-тармақ "кадр қызметінің қызметкері" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"25-1. Уәкілетті органның комиссиясы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады, ол комиссияның құрамын айқындайды және осы комиссия мүшелерінің ішінен Төрағаны тағайындайды.";
Toggle Dropdown
28-тармақ "жүргізген кадр қызметі" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
31-тармақтың бірінші абзацы "орган басшысының" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның комиссиясы шығарған ұсынымдардың жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"31-1. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілердің қылмыстық ісін қарау жөніндегі өз жұмысында уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауға және қарау нәтижелері бойынша он күн мерзімде уәкілетті органға тиісті шешімнің көшірмесін және тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.";
Toggle Dropdown
36-тармақ "органның" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ, қызметшінің іс-қимылында теріс қылықтың белгісі болса, жаза қылмысты істі қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін.";
Toggle Dropdown
42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілерге мемлекеттік органның басшысы қолданған жазалар туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі уәкілетті органға кадр қызметінің міндетті түрде тапсыруына жатады.";
Toggle Dropdown
46-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Бұл ретте жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жазаның мерзімінен бұрын алынуы уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі.";
Toggle Dropdown
51 және 52-ші тармақтардағы "мемлекеттік қызмет істері жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде облыстық, Астана
мен Алматы қалалары Тәртіптік кеңестерінің, мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің тәртіптік ісін қарау уәкілеттіктерін жойып, өзінің бұрынғы
қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті