• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.01.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126

Бұйрық күшін жойды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.01.2012 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидалары
Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының 
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін. 
2. Мыналардың: 
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19»"Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды)  қаулысының; 
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 19 қарашадағы N 214 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы 5 нөмірінің 319 бетінде жарияланған) бұйрығының  күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ.Бижановқа жүктелсін. 
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 8 ақпандағы 2006 жылғы
 N 35 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы 
 Өрт қауіпсіздігі ережесі 
1-бөлім. Жалпы ереже 1-тарау. Жалпы талаптар 
1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды. 
2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды. 
3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. 
4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады. 
5. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар: 
1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы; 
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы; 
3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі; 
4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы; 
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі; 
6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі; 
7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы; 
8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі; 
9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы; 
10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс. 
6. Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді. 
7. Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді. 
8. Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде: 
1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады; 
2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады; 
3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады; 
4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады; 
5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді; 
6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады; 
7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді; 
8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді; 
9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді; 
10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады. 
9. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес ( 1-қосымша ) әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді. 
10. Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады. 
Адамдар жаппай жиналатын объектілер адамдар тұрақты немесе уақытша келетін бір немесе бірнеше үй-жайлары бар (авариялық жағдайлардан басқа) 1 м 2  орынға бір адамнан артық келетін алаңы 50 м 2  және одан да көп объектілер болып табылады. 
Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз және жылдам көшіруді қамтамасыз ету бойынша қызметкердің іс-әрекеттерін анықтайтын адамдарды көшірудің үлгі жоспарына қосымша нұсқау әзірленуі қажет, әр жарты жылда кемінде бір рет адамдарды көшіруге жұмылдырылған барлық жұмысшылармен тәжірибелік жаттығулар өткізілуі тиіс. 
Адамдар түнде жиналатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар, ауруханалар) нұсқауда іс-әрекеттің екі түрі қарастырылады: күндізгі және түнгі уақыт. Аталған объектілердің басшылары күн сайын өртке қарсы қызметі белгілеген уақытта өрт сөндіру бөліміне өртке шығу ауданында орналасқан объектілер мен әр объектідегі адамдардың саны туралы ақпаратты хабарлайды. 
11. Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. 
Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс. 
Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады. 
Мұндай ұйымдарға қызмет көрсетуші тұлға өртке қарсы қызметі органдарымен келісілген нұсқау бойынша қозғалысы нашар санатқа жататын тұлғаларды көшіру бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс.