• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 21.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 Қаулысы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасы;
2) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1), 2-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;»;
«2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі  № 901 және 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 989 қбпү қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтары.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қазандағы
 № 1151 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері негізгі үш санатқа бөлінеді: аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер мен стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері.
3. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі ішкі істер  мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарту арқылы күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жарғылық  капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалар осы Қағидаға сәйкес көрсетілген санаттарға жатқызылған қайта құрылған объектілерді мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосу және таратылғандарын алып тастау туралы ұсыныстарды есепті жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне енгізеді.
Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Тізбеге түзетулер енгізеді.
Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қауіпсіздігін 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қамтамасыз етеді.
2. Объектілерді аса маңызды мемлекеттік объектілерге жатқызу өлшемдері
5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға едәуір зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін мемлекет және қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.
Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы  әкімшілік ғимараттары мен объектілері;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жатады.
3. Объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу өлшемдері
6. Стратегиялық объектілерге Қазақстандық қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, зиян келтіру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне теріс әсер етуі, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін объектілер жатады.
Стратегиялық объектілер санатына:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі және Республикалық ұланы ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери бөлімдері;
3) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер - медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары;
4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық, жарылғыш, улы заттарды, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің объектілері мен оқшауланған үй-жайлары;
5) атом энергиясын пайдалану объектілері;
6) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, оның ішінде: жылумен жабдықтау саласында жылу электр орталықтары (50 Гкал жоғары); ауыз сумен жабдықтау саласында су жинақтау құрылыстары жатады.
4. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жатқызу өлшемдері
7. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, қызметінде төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі жоғары ірі салық төлеушілерге жатқызылған Қазақстан Республикасының объектілері жатады.
Объектілердің осы санатына:
1) отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен байланысты объектілер, химия өнеркәсібінің объектілері;
2) су шаруашылығы объектілері - гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су қоймалары;
3) республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектілері;
4) ғарыш кешенінің объектілері жатады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қазандағы
 № 1151 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар