- 1
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Судебная практика
Отправить по почте
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 Қаулысы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;»;
«2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 және 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 989 қбпү қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтары.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері негізгі үш санатқа бөлінеді: аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер мен стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері.
3. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (28.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1136 Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарта отырып күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғалар осы Қағидаға сәйкес көрсетілген санаттарға жатқызылған қайта құрылған объектілерді мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілері тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосу және таратылғандарын алып тастау туралы ұсыныстарды есепті жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне енгізеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 563 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен Тізбеге түзетулер енгізеді.
Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін күзетуді 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді.
4-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.02.2019 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (09.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Объектілерді аса маңызды мемлекеттік объектілерге жатқызу өлшемдері
5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2017 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.02.2019 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (09.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:
1) Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестiрiлген прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2020 жылғы № 879 Қаулысына сәйкес (15.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының медициналық мекемелерін және спорттық кешендерін, сондай-ақ басқа әскерлері мен әскери құралымдары болып табылатын әскери бөлімдерін және мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ведомстволарының, аумақтық және өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің, оқу орындарының, ғылыми зерттеу мекемелерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері;
5-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, оның ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері;
5-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жатады.
3. Объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу өлшемдері
6. Стратегиялық объектілерге Қазақстандық қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, зиян келтіру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне теріс әсер етуі, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін объектілер жатады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 жылғы № 1574 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.01.2012 жылдан бастап) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1584 Қаулысымен (21.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Стратегиялық объектілер санатына:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (28.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2020 жылғы № 879 Қаулысына сәйкес (15.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер – жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2020 жылғы № 879 Қаулысына сәйкес (15.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың және мекемелердің объектілері;
4-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 911 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.02.2019 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (09.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) ғарыш инфрақұрылымы объектілері;
5) атом энергиясын пайдалану объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2020 жылғы № 879 Қаулысына сәйкес (15.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, оның ішінде: жылумен жабдықтау саласында жылу электр орталықтары (50 Гкал жоғары); ауыз сумен жабдықтау саласында су жинақтау құрылыстары жатады.
4. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жатқызу өлшемдері
7. Экономиканың стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесін) мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі салаларының объектілеріне жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, қызметінде төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі жоғары ірі салық төлеушілерге жатқызылған Қазақстан Республикасының объектілері жатады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1584 Қаулысымен (21.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Объектілердің осы санатына:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.02.2019 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (09.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су қоймаларының гидротораптары, шлюздері, бөгеттері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |