• Мое избранное
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 18

Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Редакция 23.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң  58-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылу ережесi бекiтiлсiн.
2.  Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-29, 31, 32, 34, 35, 37, 40, 41, 45-51, 54, 72-75-тармақтарды қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының  
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2007 жылғы 20 наурыздағы
 N 225 қаулысымен
 бекiтiлген
  • 1
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Осы Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк мекемелердiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бюджетке түсiмдердiң түсуiн қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау бойынша iс-әрекетiнiң тәртiбiн айқындайды.
  • 1
2-бөлiм. Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу, жасау және бекiту тәртiбi 
Қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу тәртiбi 
2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары 
2. Жылдық қаржыландыру жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органның қаулысына сәйкес әзiрленедi.
3. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджеттi бекiту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, пысықталған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмнiң құрамында ұсынылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi негiзiнде жасалады.
4. Тиiстi қаржы жылына арналған жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ оны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жоспарлының алдындағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей жiбередi.
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi айқындаған жағдайда, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттiң шығыстарын түзетудi талап ететiн басқа да факторлар пайда болған кезде бюджеттi атқару үдерiсiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына тиiстi өзгерiстер енгiзу жолымен бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлемiне өзгерiстер енгiзе алады.
6. Бюджеттi нақтылаған, түзеткен жағдайда, бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерiстердi бекiтедi және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының тиiстi өзгерiстерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi.  
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшелiктерiнiң бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарындағы iс-шараларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлерi 
7. Бюджеттi атқару үшiн қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерiн:  
мемлекеттiк мекемелер - мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын (бұдан әрi - жеке қаржыландыру жоспарлары);  
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi - мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) және төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары);  
бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган - түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi.  
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетiн түсiмдер жоспары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттiк бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмiне, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына (бұдан әрi - ҚР ББС), Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгiленген тәртiппен әзiрленедi.  
Жеке қаржыландыру жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтiрден кейiн бiр белгiсi бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары, бюджеттiк түсiмдер жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары бөлшек қалдығынсыз бүтiн сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
4-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларын, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту тәртiбi 
8. Бюджеттi атқару үдерiсiнде жеке қаржыландыру жоспары мынадай: мiндеттемелер бойынша мемлекеттiк мекеменiң жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрi - мiндеттемелер бойынша жеке жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттiк мекеменi жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрi - төлемдер бойынша жеке жоспар) нысанында осы Ережеге  1-4-қосымшаларға сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасына сай нысандар бойынша қалыптастырылатын мемлекеттiк мекеменiң негiзгi құжаты болып табылады. 
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2008 № 313 Қаулысымен (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
9. Мiндеттемелер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемiн айқындайды, оның шегiнде мемлекеттiк мекеме бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында көзделген iс-шараларды iске асыру үшiн мiндеттемелер қабылдайды.
10. Төлемдер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемiн айқындайды, оның шегiнде мемлекеттік мекеме қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзедi.
11. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобалары мынадай талаптардың негiзiнде әзiрленедi:  
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджеттi бекiту немесе нақтылау кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып пысықталған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмiнде (бұдан әрi - бюджеттiк өтiнiм) ұсынылған бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептерi;  
бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;  
басқа да нормативтiк құқықтық актiлер;  
бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі;  
мiндеттемелердi уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;  
өткен қаржы жылдарында бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалу серпiнi;  
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымы.  
Экономикалық сыныптама ерекшелiктерi бөлiнiсiнде мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) паспортында көзделген мiндеттемелердi қабылдау мерзiмiне, iс-шараларды орындау мерзiмiне, мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстық рәсiмдердi өткiзу мерзiмiне, жұмыстарды жүргiзу маусымдылығына, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау мерзiмiне сәйкес келуi тиiс.  
Төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиiстi қаржы жылы iшiнде iс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмiне сәйкес келуi және аванстық төлемдердi төлеудiң болжамды мерзiмiн ескеруi тиiс. 
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2008 № 313 Қаулысымен (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
11-1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылында жарғылық капиталды арттыруға жіберілетін жалпы сомаға іс-шараларды орындау мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарлама паспортымен өзара үйлестірілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды. 
11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.04.2008 № 313 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
12. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына, орталық атқарушы орган басшысының келісімінен кейін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды, ал соңғылары болмаған кезде тиiстi бұйрықтармен мiндеттерiн атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен расталады, жоғарыда көрсетiлген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөлу есебi мен негiздемелерi жеке қаржыландыру жоспарларымен бiрге оларды бекiту және бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң бағдарламаларын (кiшi бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарларын бекiту әрi әзiрлеу үшiн белгiленген мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне берiледi. 
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (14.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Мемлекеттiк мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын және оларды тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етедi.
14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ережеге  5-8-қосымшаларға сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес нысандар бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.  
Бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген сомаға сәйкес келуi тиiс, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларында бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде жылдық сома бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуi тиiс. 
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2008 № 313 Қаулысымен (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
15. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жылдық қаржыландыру жоспары бекiтiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөле отырып, оларға есептердi және жоспарларды айға бөлу негiздемесiн, сондай-ақ жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсынады.  
Төмен тұрған бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттiк кредиттер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша тұтастай, сол сияқты төмен тұрған бюджеттердiң бөлiнiсiнде де ұсынады. Осы бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімi немесе төмен тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органының басшысы қол қойған әрбiр төмен тұрған бюджеттi қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшiрмелерi қоса берiледi.