Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 313 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
8-тармақ "1-4-қосымшаларға сәйкес" деген сөздерден кейін "шығыстардың экономикалық сыныптамасына сай" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың сегізінші абзацындағы "міндеттемелер бойынша жеке жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде" деген сөздер алынып тасталсын;
11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылында жарғылық капиталды арттыруға жіберілетін жалпы сомаға іс-шараларды орындау мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарлама паспортымен өзара үйлестірілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды.";
14-тармақта:
бірінші абзацтағы "5-8 қосымшаларға сай" деген сөздерден кейін
"шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес" деген сөздермен
толықтырылсын;
екінші абзацтағы "міндеттемелер бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта "түсімдер сыныптамасының, шығыстардың ведомстволық және экономикалық сыныптамасының" деген сөздер "бюджетке түсетін түсімдер жоспарының жобасы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен өтеуді, бағамдық айырманы, бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өзгертуді қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берілмейді.";
67-тармақта "шикі мұнайды және газ конденсатын іске асыратын" деген сөздер "шикі мұнай мен газ конденсатын өндіретін және (немесе) сататын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісім-шарт жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1-тараумен толықтырылсын:
"22-1-тарау. Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын төлеуге жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға ақша аудару тәртібі
162-1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару және егер бюджеттік бағдарламаның паспортында олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыру көзделген жағдайда заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен және бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Төлемді жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттардың тізілімімен, төлеуге берілетін шоттармен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жарғылық капиталды арттырған кезде жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін береді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) төлеуге арналған ақша аударылғаннан кейін бір ай өткен соң қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген, іске асыру мерзімі бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортымен өзара үйлестірілген сомалар шегінде жарғылық капиталды арттыруға байланысты бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына уақтылы қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілері жыл сайын 20 қаңтарға, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер нақтыланған жағдайда 30 күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі ақпаратты осы Ережеге 67-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі болмаған кезде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарын арттыруға байланысты төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында анықталған қаражатты төлеуге жол берілмейді.";
370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"370. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал мұндай болмаған жағдайларда - мемлекеттік органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам қол қойған ақша болу туралы қолдаухат ұсынады. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есептеулерге жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.";
421-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте қаржы нарықтарының ағымдағы конъюнктурасына байланысты Ұлттық Банктің алты айға дейінгі мерзімге теңгемен Қордың есебінен түсімдерді айырбастауды кейінге қалдыруға құқығы бар.";
570-тармақта "Үкіметінен қарыз алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 571-1-тармақпен толықтырылсын:
"571-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, Орта мерзімді жоспар негізінде тиісті бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ішкі нарықта айналысқа қосу үшін шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, тиісті жылдарға көзделетін қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамды көлемін айқындайды.
Тиісті бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті қаржы жылына арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын белгіленген тәртіппен жасайды.";
573-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"573. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығаруы нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:
"12-бөлім. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органдар мен өңірлерге арналған бюджеттік үдерістің ерекше тәртібі (бұдан әрі - пилоттық жобалар)
76-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу
689. Мемлекеттік мекемелердің шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасындағы сомаларды азайтуды (арттыруды) талап ететін факторлар туындаған жағдайда, тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының бекітілген жылдық сомалары шегінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өтінімді қалыптастырмай және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу бойынша бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік мекемелерге ағымдағы ай бойынша ғана айына кемінде бір рет өзгертуге жол беріледі.
Бюджет кодексінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды және мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуді және оны өтеуді көздейтін бағдарламаларды бөлген кезде жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер осы Ереженің 6-тарауында айқындалған тәртіппен енгізіледі.
690. Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік мекеме екі данада осы Ережеге 25-3, 25-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша анықтаманы қалыптастырады. Анықтамалардағы өзгерістер сомалары бөлшек қалдықтары бар, бірақ үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен көрсетіледі.
691. Анықтаманы жасау кезінде мемлекеттік мекеме мынадай талаптарды сақтауға тиіс:
ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ерекшеліктер сомасын аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар, рұқсаттар мен кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтау;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуі тиіс болған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынасты сақтау;
қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер;
инкассалық өкімдердің болуы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |