• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 434 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық бюджеттен берілген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Аушарипов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Виталий Серикович           министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi                               
                                        кредит беру басқармасының бастығы, хатшы
Сыздықов                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Тито Уахапұлы               Мәжілiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша)
Кравченко                 - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Иван Михайлович             және сауда бiрiншi вице-министрi
Исақов                    - Қазақстан Республикасы Президентi 
Нұржан Әзiмханұлы           Әкiмшілiгiнiң құқық қорғау және сот                               
                                      жүйесi мәселелерi бөлiмiнiң бас инспекторы (келiсiм бойынша)
Рахымов                   - "Қазақстанның Даму Банкi" 
Сейiтқали Сайлаубайұлы      акционерлiк қоғамының вице-президентi (келiсiм бойынша)
Кәрiмов                   - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" 
Ержан Балықбайұлы           акционерлiк қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
"Беркiнбаев Сабыржан Омарханұлы - "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамы президентiнiң мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша)" деген жолдағы "жабық акционерлiк қоғамы президентiнiң мiндетiн атқарушы" деген сөздер "акционерлiк қоғамының президентi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Аманбаев Мұрат Ермұханұлы - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының орынбасары" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген құрамнан: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Весенин Виктор Николаевич, Ыбырайымов Рүстембек Қуатәлiұлы, Свечников Вячеслав Иванович, Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы, Сембин Асқар Болатұлы шығарылсын; 
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: 
"7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгiзу үшiн Комиссия отырысының күн тәртiбiне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады: 
бизнес-жоспар; 
сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы; 
құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы"; 
2) "Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқы экономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат): 
1-тармақта: 
Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КCPО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Дунаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Арман Ғалиасқарұлы          министрi, төраға
Әрiпханов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Айдар Әбдiразақұлы          вице-министрi, төрағаның орынбасары
Байнақов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Рахмет Ғазизұлы             министрлiгi Мемлекеттiк қарыз алу және халықаралық қаржы қатынастары                               
                                        департаментiнiң директоры, хатшы
Исабеков                  - Қазақстан Республикасы Әділет 
Тимур Шамсатұлы             министрлiгi мемлекеттің мүлiктiк құқықтарын қорғау, шарттар және                               
                                                 талап қою-қуыну жұмыстары басқармасының бастығы
Мәмештегі                 - "ТұранӘлемБанкi" акционерлiк 
Сәдуақас Халықсоветұлы      қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша)
"Әбжанов Дәулет Көбенұлы - "ТұранӘлем Банкi" ашық акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң мүшесi (келiсiм бойынша) 
Әблязова Ақмарал Насырқызы - "ТұранӘлемБанк" ашық акционерлiк қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)" деген жолдардағы "ашық" деген сөз алынып тасталсын; 
көрсетiлген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы, Болатбекова Гүлбағила Қоңырбайқызы, Жәкенов Асқар Серiкжанұлы, Тәтiшев Ержан Нұрелдәйiмұлы шығарылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 6 мамырдағы
 N 434 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр күші жойылған шешімдерiнiң тiзбесi
1. "1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 маусымдағы N 961  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 26, 237-238-құжаттар).
2. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 804  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 265-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 1047  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 325-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 23 қыркүйектегi N 1448  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 444-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 қазандағы N 1548  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 468-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы N 1593  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 476-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 маусымдағы N 569 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қарашадағы N 1750  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 501-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 желтоқсандағы N 1867  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 529-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52  қаулысы.
11. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 124-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 430  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 166-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi N 591  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы.
14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 913  қаулысы.
15. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі N 1134  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 385-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 93  қаулысы.
17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 509  қаулысы.
18. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерінде бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қарашадағы N 1118  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 457-құжат).
19. "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 маусымдағы N 630  қаулысы.
20. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 маусымдағы N 630 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 20 тамыздағы N 872  қаулысы.