Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 682
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн; Елубаев Бауыржан Ысқақұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Нұқышев Азат Ғалымұлы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттiгi" ашық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша) Власов Николай Афанасьевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнің мүшесi (келiсiм бойынша) Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментi директорының мiндетiн атқарушы, хатшы; "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий Михайлович шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |