Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 қаңтар N 28
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен брілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
"Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға болып
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Биғалиев Ермекқали Аққалиұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша)";
"Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Айтжанов Дулат Нүлиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Экономика бірінші вице-министрі Айтжанов Дулат Нүлиұлы - "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы"; Ораз Әлиұлы Жандосов, Александр Владимирович Гусинский, Қадырбек Нағымұлы Есқалиев көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |