Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы
Редакция 12.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1428 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi – iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жеке еңбек шарты (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығы) негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
1-1. Мемлекеттік органдар өзінің қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін қызмет ерекешелігін ескере отырып дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:
1) баратын жерi мен ұйымның атауы;
2) iссапарда болу мерзiмi;
4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары:
тәулікақыны өтеу үшін күндер саны;
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны);
бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi.
3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы анықтайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болмаса) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк болған жағдайда iссапар мерзiмi орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
8. Іссапардың бүкiл уақыты бойы іссапарға жiберiлген қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен iссапар уақытында, оның iшiнде, жолда жүру уақытында жалақысы сақталады.
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерi үшiн сақталады.
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталғанға дейін келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты туралы мәселе әкiмшiлiкпен уағдаластық бойынша шешiледi.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
N 1428 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 607-кұжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 20-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 65-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 тамыздағы N 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 33, 381-құжат).
5. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 549-құжат).
6. "Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 189-құжат).
7. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 35, 383-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).