Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Мемлекеттiк органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшiн тиесiлiлiк нормалары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1148 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердің тиiстiлiк нормативiнде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-2-жолмен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:
Ескертпелер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша анықталады.»;
2) «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесiлiлiк нормалары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары «Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары» деген жолмен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38, 39, 40, 41 және 42-жолдармен толықтырылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген телефон байланысын пайдалану үшін тиесiлiлiк нормаларында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары»;
реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметкерлері – екеуге бір нөмір».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов