• Мое избранное
"Мемлекетттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мемлекетттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 756 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алуға, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді.»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов.