• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 тамыз N 918
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 19 тамыздағы
 N 918 қаулысымен
 бекiтiлген
Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiту ЕРЕЖЕСI
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген. 
Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi. 
Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар осы ережелерге қосымшада келтiрiлген. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (02.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Жобалардың сараптамасын тиiстi лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады. 
Бұл ретте жобалардың мемлекеттiк сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген қандай да бiр өзге қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады. 
Мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектiлерi - аккредиттелген мемлекеттiк емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады. 
Мемлекеттiк емес сараптау орталықтарын аккредиттеудi және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган) жүргiзедi. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
4. Жобаларға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға (бұдан әрi - Мемсараптама) белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тiзбесiне енедi. 
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
5. Жобалар бекiтiлгенге дейiн жобаларға сараптама жүргiзiледi. Мiндеттi түрде сараптамаға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және iске асырылмауға тиiс. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 қаулысымен (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
6. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы қаралатын жобаның құнына шығындары жатқызылған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. 
Мемлекеттiк тапсырысты орындау есебiнен жүргiзiлетiн не мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Мемсараптама белгiлейдi. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 қаулысымен (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
7. Жобалардың сараптамасы объектілердi пайдалануға енгiзгеннен кейiн олардың тұрақты жұмыс iстеуiн жобалық шешiмдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарды: 
1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттары мен талаптарға, сондай-ақ бекiтiлген қала құрылысы (жоспарлау) шешiмдерiне және осы құрылыс учаскелерiнiң (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестiгiне; 
2) мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтер мен белгiленген жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi талаптарын мiндетті түрде сақтау, инженерлiк, ресурсты үнемдейтiн, экологиялық және санитарлық талаптарға; 
3) қабылданған көлем-жоспарлық және сындарлы шешiмдердiң, қолданылатын материалдар мен инженерлiк жабдықтардың негiздiлiгiне, құрылыс құрастырмаларының сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiгiне; 
4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларында көзделген құрылыс көлемдерiнiң негiздiлiгiне және мақсаттылығына; 
5) көрсеткiштердiң, оның iшiнде құрылыстың есептiк немесе сметалық құнының негiздiлiгi мен растығына сарапшылық бағалауды қамтиды.
8. Сараптама жүргiзген кезде, сонымен қатар жобаны әзiрлеушiде жобалау (жобалау-iздестiру) жұмыстарының тиiстi түрлерiне лицензиясының, сондай-ақ жобаның заңнамада белгiленген өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қызметтер мен өзге де қадағалау қызметтерiнiң мемлекеттiк органдарымен қажетті келiсiмдерiнiң болуы немесе болмауымен белгiленедi.
9. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттiк нормативтерде көзделген көлемде бередi.
10. Ұсынылған жоба материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жобаның сараптамаға түскен күнiнен бастап бес күн iшiнде тексерiледi. 
Жобаның толық еместiгi не оның құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместiгi белгiленген жағдайда тапсырысшы (инвестор) немесе оның уәкiлеттi бас жобалаушысы жетiспейтiн материалдарды берудiң қажеттiлiгi туралы хабардар етiледi.
11. Жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы шартпен белгiленедi, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс. 
Техникалық аса күрделi объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобаларға немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн кешендi қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзген кезде, оның ұзақтығы 60 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн. 
Шағын бизнес саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн салынатын күрделi емес объектiлердiң құрылысына арналған жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы 15 күннен аспауға тиiс.
12. Бекiтiлген негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiндей өзгерiстердiң (толықтырулардың) жобалары жаңадан әзiрленетiн жобалар үшiн белгiленген тәртiппен қайта сараптауға жатады.
13. Әзiрленген әрi сараптама жүргiзiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары бойынша үш және одан да кеп жыл iшiнде құрылыс басталмаса, ол ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңа сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
14. Сараптауға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген құрылысқа арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары аяқталмаған болып саналады және одан әрi iске асыруға жатпайды.
15. Осы Ережелерге сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекiтуге, оларды iске асыра бастауға рұқсат беруге (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсаттар) жол берiлмейдi.
3. Жобалардың сараптамасы
Тарау тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 қаулысымен (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесiн көздейтiн; 
2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларының сараптамасы жатады. 
Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделi не күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртiппен айқындалады. 
Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдiк инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебiнен жүзеге асырылатын объектiлер бойынша, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердi қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама жүргiзу туралы шешiмдi тапсырысшы (инвестор) қабылдайды. 
Мемлекеттік сараптамаға, сондай-ақ құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердiгерлiк жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалар да жатады. 
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 қаулысымен (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
17. Кезең-кезеңiмен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттiк сараптамасы тиiстi кезең бойынша (сараптамалық бiрге жүру) жүзеге асырылуы мүмкiн. 
Сараптамалық бiрге жүрудi жүзеге асырудың тәртiбi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттік нормативтермен белгiленедi. 
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.07.2006. № 647 қаулысымен (16.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)