• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi кейбiр мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 Қаулысы       
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1. Қоса берiлiп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Жоспар iс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiн Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат): 
"Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы";
1-тармақтағы "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi" деген сөздер "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесiнде: 
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу" деген сөздер "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
"3-1. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiтудiң жалпы тәртiбi 
24-1. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес толық немесе iшiнара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердiң құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны: 
1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiн - мемлекеттiк органдар - бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтуге не олар белгiлейтiн тәртiппен бекiтiлуге тиiс; 
2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс. 
24-2. Жобалау алдындағы құжаттаманы бекiту бағдарлама әкiмшiсi (тапсырысшы) ұсынған: 
2) мемлекеттiк сараптаманың қорытындылары негiзiнде жүзеге асырылады.