• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 наурыздағы N 208 Қаулысы

1. "Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 557  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: 
"Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру" деген 3-бөлімде: 
реттік нөмірі 14-жолдағы "422,48", "160,81" және "172,07*" деген сандар тиісінше "1070,02", "797,75" және "182,67" деген сандармен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 15-жолдағы "299,16" және "108,56*" деген сандар тиісінше "278,86" және "88,26" деген сандармен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын:
 
"19-1 Қазақстан
Республикасы-
ның аумағын
ұйымдастырудың
бас схемасын
әзірлеу бойын-
ша дайындық
іс-шараларын
өткізу
Нормативтік-
техникалық
құжаттар
ИСМ 2008
жылғы
IV
тоқсан
29,97
2008 ж.
- 29,97
Респуб-
ликалық
бюджет


"
реттік нөмірі 20-жолдағы "793,34", "286,03" және "305,85*" деген сандар тиісінше "1446,55", "922,97" және "322,12" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.