• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2005 жылғы 14 ақпандағы
 N 140 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 33, 499-құжат): 
1) тақырып пен 1-тармақта "Паспорттар" деген сөзден кейiн 
", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын; 
2-тармақта: 
бiрiншi абзацта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгіндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
"2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн."; 
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актілерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесiнде: 
тақырыпта "Паспорттар" деген сөзден кейiн ", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын; 
1-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
2-тармақта: 
бiрiншi абзацта "Паспорттағы", "iшкi iстер" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын; 
а) тармақшасы алынып тасталсын; 
г) тармақшасында "паспорты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақта: