• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 Қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 11 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 02.06.2016 жылғы № 326 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2005 жылғы 14 ақпандағы
 N 140 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 33, 499-құжат): 
1) тақырып пен 1-тармақта "Паспорттар" деген сөзден кейiн 
", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын; 
2-тармақта: 
бiрiншi абзацта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгіндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
"2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн."; 
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актілерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесiнде: 
тақырыпта "Паспорттар" деген сөзден кейiн ", жеке куәлiктер" деген сөздермен толықтырылсын; 
1-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
2-тармақта: 
бiрiншi абзацта "Паспорттағы", "iшкi iстер" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын; 
а) тармақшасы алынып тасталсын; 
г) тармақшасында "паспорты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақта: 
"паспорт бөлiмшесi" деген сөздер "әдiлет органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"жаңа паспорт" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"iшкi iстер" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
4-тармақта "байланысты" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын; 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi. 
Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн басқа әдiлет органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiнде белгi қою үшiн Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы хабарлама жiберiледі."; 
6-тармақтың екiншi абзацында "паспортты" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7-тармақта "паспорты", "жаңа паспорт", "iшкi істер" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi", "Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi", "әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын; 
9-тармақта "паспортындағы" деген сөзден кейiн "және жеке куәлiгiндегі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.12.2008 жылғы № 1235 Қаулысымен (27.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 498 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.01.2006 жылғы № 15 Қаулысымен (14.02.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 852 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2007 жылғы № 1301 Қаулысымен (06.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2008 жылдан бастап)