• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2014 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
1. «Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;»;
«5. Қосымша жеңілдіктер тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
6. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қолдаухат қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы шешімнен үзінді көшірме ресімделеді (бір дана) және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен қоса төлемдерді жүзеге асыру үшін Орталықтың филиалы арқылы Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.
Орталықтың бөлімшесі келіп түскен қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірмені осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оны тіркеу журналына тіркейді, орталықтандырылған деректер базасында алушының (оралманның) карточкасын қалыптастырады және тиісті деректерді енгізеді.
Қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.»;
«Аумақтық орган» деген сөздер «Орталықтың бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шешім шығарғаннан» деген сөздер «шешімнен үзінді көшірме алғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «Аумақтық органның қосымша жеңілдіктер төлеуден» деген сөздер «Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қосымша жеңілдіктер тағайындаудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қосымша жеңілдіктер оралман отбасының өздері оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілген жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келмеген мүшелеріне берілмейді.»;
14-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «аумақтық орган» деген сөздер «халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы әділет органдарының оралмандарды» деген сөздер «Оралмандарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қызметтеріне» деген сөз «қызметтерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «Аумақтық органдар» деген сөздер «Орталықтың бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Аумақтық органдар» деген сөздер «Орталықтың бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесіне қосымшада:
«қосымша» деген сөздер «1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:» деген сөздер алынып тасталсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 наурыздағы
 № 230 қаулысына
 1-қосымша
Көшіп келу квотасы бойынша
 келген оралмандарға және олардың
 отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
 жеріне бару және мүлкін (оның
 ішінде малын) апару жөніндегі
 шығыстарын төлеу, келген жері
 бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
 қаражат бөлу және біржолғы
 жәрдемақылар төлеу ережесіне
 2-қосымша
 _______________ облысы (қаласы) Ішкі істер департаменті
 Көші-қон полициясы басқармасының қосымша төлемдер
 тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме
2. Тұрғын үй сатып алуға тағайындалған қаржының төленетін мөлшері:
Банкінің деректемелері және алушының ағымдағы шотының нөмірі:
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 наурыздағы
 № 230 қаулысына
 2-қосымша
Көшіп келу квотасы бойынша
 келген оралмандарға және олардың
 отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
 жеріне бару және мүлкін (оның
 ішінде малын) апару жөніндегі
 шығыстарын төлеу, келген жері
 бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
 қаражат бөлу және біржолғы
 жәрдемақылар төлеу ережесіне
 3-қосымша
_______________________________________________________________
 (қосымша жеңілдіктерді тағайындаған органның атауы)
 _______________________________________________________________
 (Орталық филиалының атауы)
 Төлемдерді ресімдеу үшін ұсынылатын үзінді көшірмелер туралы
 20 __ ж.« ___ » № ___
 хабарлама
 
Р/с
Істің № Тегі, аты, әкесінің аты Төлемдердің түрі Ескертпе













































Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 наурыздағы
 № 230 қаулысына
 3-қосымша
Көшіп келу квотасы бойынша
 келген оралмандарға және олардың
 отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
 жеріне бару және мүлкін (оның
 ішінде малын) апару жөніндегі
 шығыстарын төлеу, келген жері
 бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
 қаражат бөлу және біржолғы
 жәрдемақылар төлеу ережесіне
 4-қосымша
 __________________________ көшірмелерін тіркеу журналы
 (төлемдердің түрі) 
 
Р/с
Үзінді көшірменің №, күні Оралманның тегі, аты, әкесінің аты Хабарлама уақыты, № Тіркеу уақыты