Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысы
Редакция 20.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) "Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 137-құжат):
тақырыптағы және 1-тармақтағы "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесінде және оның мөлшерінде:
тақырыптағы және мәтін бойынша "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі