1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7982 тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 436 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2650 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 және «Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 436 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4129 тіркелген)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4787 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қосалқы бухгалтерлік есепті және Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4868 тіркелген).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің Баc болуы туралы қорытынды беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5504 тіркелген).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген
Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компаниялардың, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі - ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.
2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандырудың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) қолдану арқылы ұйымдар жасайтын операциялар мен оқиғалар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесін автоматтандыру және мүдделі тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Қағидаларда мына ұғымдар қолданылады:
1) автоматтандырылған жұмыс орны – автоматтандырылған бизнес-процестерді ұйымдастыруға кәсіби қызметкердің қатысуын қамтамасыз ететін техникалық, ақпараттық және бағдарламалық ресурстардың жиынтығы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |