• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2003 жылғы 26 қарашадағы
 N 1184 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817  қаулысында: 
3 және 4-тармақтардағы "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне", "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне", "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралардың кеңейтiлген жоспарында: 
мәтiндегi "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.