• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 908 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1060 Қаулысымен. (05.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында: 
мәтіндегі "РМК" және "ЕМК" деген аббревиатуралар "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде: 
"Міндеттері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"балық өсіруді және балық өнеркәсібін дамыту"; 
"Кіріспе" деген 2-бөлімде: 
үшінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын; 
бесінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын; 
алтыншы абзацтағы»"және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысымен оны іске асырудың Іс-шаралар жоспары бекітілді" деген сөздер алынып тасталсын. 
"Агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі таңдағы жай-күйі" деген 3-бөлім: 
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: 
"Балық және балық өнімінің сыртқы саудасындағы импорт физикалық көлемде экспорттан артық. Сонымен қатар, экспорттық портфельдің нарықтық құны жоғары."; 
"Мал шаруашылығында" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: 
"Балық шаруашылығында 
  Балық шаруашылығы су тоғандарының жалпы алаңы, Каспий теңізін қоспағанда, 3 миллион гектарға жуық. 2006 жылы республика су тоғандарында лимит 49754,6 мың тонна болғанда 41773,9 мың тонна балық ауланған. 
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын жіберілетін балық шабақтары мен личинкалары 194,02 млн. дана, оның ішінде Каспий теңізіне жіберілетін бекіре балығының шабағы 6,0-дан астам данаға дейін жетеді. 
Республикамызға балық пен балық өнімі 35 шет елден келіп түседі. Балықты негізгі жеткізіп берушілерге Ресей, Норвегия және Латвия жатады. 
Балық пен балық өнімінің импорты соңғы бес жыл ішінде көлемі бойынша да, құны бойынша да 2006 жылы ең жоғары болды және 2001 жылғы 34,7 мың тонна және 16,0 млн. АҚШ доллары болған көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 44,1 мың тонна мен 31,6 млн АҚШ долларына жетті. 2006 жылы әкелінетін өнімнің негізгі көлемі мұхит балығы (дайын мұздатылған және консервіленген) болды. 
Қазіргі уақытта балықты қайта өңдеу және балық өнімін шығару республикамыздың 58 кәсіпорнында жүзеге асырылады. Балық өнімін шығарудың негізгі түрлеріне мыналар жатады: балық консервілері мен пресервтері, балық еті, мұздатылған балық, ысталған балық, сүрленген және басқа да балық өнімі."; 
"Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері" деген 4-бөлімде: 
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау және ауыл шаруашылығы өнімін көтерме саудамен сату жүйесін дамыту;"; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"АӨК салаларын индустрияландыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетіп дамыту; 
балық өсіру мен балық өнеркәсібін дамыту;"; 
"Бірінші кезектегі шараларды іске асырудың жолдары мен тетіктері" деген 5-бөлімде: 
"Ғылыми негізделген агротехнологияның сақталынуы негізінде егіншілікте өңірлік мамандану" деген 1.1-параграфта: 
"Мәселелер" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"жүзім екпелерінің алаңын және жүзімнің жоғары сапалы және жоғары өнімді сорттарын отырғызу материалын өндіруді қысқарту."; 
"Шаралар" деген кіші бөлімде: 
"майэкстрациялау зауытын салу" деген он жетінші абзац алынып тасталсын; 
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"биодизель өндіретін зауыт салу;"; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"жүзімдіктердің ескі алаңдарын қалпына келтіру (қайта жаңарту) және жаңаларының негізін қалау; 
отандық шарап ашыту өнімінің сапасы мен түр-түрін жақсарту, өндіріс шығындары мен бағаларын төмендету есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру."; 
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеудің техникалық жарақтануын сапалы арттыру" деген 1.5-параграфта: 
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеудің техникалық жарақтануын арттыру" деген бөлікте: 
"Шаралар" деген кіші бөлімде: 
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының импорты;"; 
"Өсімдік шаруашылығы өнімінің кластерлік басым бағыттары негізінде тігінен және көлденеңінен ықпалдасқан өндірісті құру" деген 1.6-параграфта: 
"Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы астықты қайта өңдеу кластерінде": 
"Шаралар" деген кіші бөлімде: 
"Ақтау қаласында ұн тарту кешенін салу" деген он төртінші абзац және "Астық Қоймалары ЖШС" N 2 Нан базасынан астықты сақтау кешенін сатып алу" деген он бесінші абзац алынып тасталсын; 
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Баку (Әзірбайжан), Амирабад (Иран) және Поти (Грузия) порттарында астық қабылдау терминалдарын, сондай-ақ Баку (Әзірбайжан) және Поти (Грузия) порттарында диірмен кешендерін салу";