Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Нормативтiк құқықтық кесімдерді мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысымен бекітілген
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже):
1) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттік тiркеуге ұсыну тәртiбiн;
2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық кесiмдерге қойылатын талаптарды;
3) Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;
4) нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту және заң сараптамасын жүргiзбей керi қайтару тәртiбiн;
5) тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдердi қолданысқа енгiзудi;
6) тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу
2. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрi - орталық органдар), сондай-ақ мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң (бұдан әрi - жергiлiкті органдар) нормативтiк құқықтық кесiмдерi, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, жалпыға мiндеттi маңызы бар, оларды қолданылу мерзiмiне қарамастан азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттерiне қатысты (тұрақты немесе уақытша) мемлекеттiк құпияларды қамтитын кесiмдер жатады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 938 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 938 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге кесiмдi ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергiлiктi органдар мұндай сауал келiп түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды.
5. Орталық органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдар - аумақтық әдiлет органдары құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күн iшiнде жүзеге асырады.
6. Нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу мыналарды қамтиды:
1) заң сараптамасын:
құқық нормасының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi мәнiне;
кесiмнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне;
2) орталық органның нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органының - аумақтық әдiлет органының басшысының бекiтуi;
3) нормативтiк құқықтық кесiмдi Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып енгiзу;
4) нормативтiк құқықтық кесiмнiң негiзгi түрiнiң бiрiншi бетiнiң жоғарғы оң бұрышында және туынды түрiнiң бiрiншi бетiнiң жоғарғы сол бұрышында нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi бетiнiң жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қою. Нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының үлгiлiк нысаны мен мөртабан нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;
5) тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдердi жiберу:
бiр данасы (түпнұсқалары) нормативтiк құқықтық кесiмдi ұсынған органға жiберiледi;
екiншi және үшiншi даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiледi (осы тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық кесiмдерге қолданылмайды);
нормативтiк құқықтық кесiмнiң төртiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.
Нормативтiк құқықтық кесiмнiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық кесiм азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).
7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық кесiмдерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Ережемен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi
8. Нормативтiк құқықтық кесiмдер Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына оларды тиiстi орталық немесе жергiлiктi органның бiрiншi басшысы бекiткен (қол қойған) сәттен бастап екi аптаның iшiнде елтаңбалық мөрiмен расталған баспа және электрондық түрiнде немесе электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi төлнұсқасын (түпнұсқа мәтiнiн) қоса алғанда төрт данада (мемлекеттiк құпияны қамтитын құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баспа түрiнде екi данада ұсынылады) ұсынылады.
Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.
Осы органның бiрiншi басшысының мiндетiн атқаратын адамның бекiткен (қолы қойылған) нормативтiк құқықтық кесiмдi ұсынған орталық немесе жергiлiктi орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық кесiмдi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиiстi орталық немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне (қайта қол қоюына) жатады және осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына ұсынылады.
Iс қағаздары тек мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн орталық және жергілiктi органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерi мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және оның аумақтық органдарына орыс тiлiне аударылмастан ұсынылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 938 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Нормативтiк құқықтық кесiмге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама-негiздеме қоса берiледi және мынадай:
1) нормативтiк құқықтық кесiмнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау негiзi (органның құзыретi);
2) нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттілiгiнiң негiздемесi (нақты мақсаттар, дәлелдер және неге байланысты кесiм қабылданады);
3) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдер және оларды өзгерту немесе нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдауға байланысты күшi жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы;
4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдер, олардан бас тарту туралы кесiмдердiң деректемелерi көрсетiле отырып, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылуы немесе заңдық сараптама жүргiзiлмей керi қайтарылуы туралы;
5) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайту немесе түсiмдерiн қысқарту туралы;
6) нормативтiк құқықтық кесiмдi келiсу туралы негiзгi мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Қоса берiлетiн анықтама-негіздемеге осы кесiмдi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы қол қоюы тиiс.
Заң қызметiнiң басшысы болмаған кезде анықтама-негiздемеге осы кесiмдi шығарған органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.