• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 217 Қаулысы
Норма шығару қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы 
                                             Үкiметiнiң 
                                     2007 жылғы 20 наурыздағы 
                                          N 217 қаулысымен                                                        бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат): 
1-тармақта: 
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: 
Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi; 
Әрiпханов Айдар Әбдiразақұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; 
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; 
Құдайбергенов Ескендiр Көпбосынұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары; 
Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы - Қазақ гуманитарлық заң университетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты; 
Бәшiмов Марат Советұлы - Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның сарапшысы; 
көрсетiлген құрамнан Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы, Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы, Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы шығарылсын;
6-тармақтағы "69" деген сандар "79" деген сандармен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың он екiншi абзацы "жiберу туралы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 16, 172-құжат): 
1) 1-тармақтағы "Заң жобаларына" деген сөздер алынып тасталсын; 
3) 2-тармақ "Заң жобаларын", "заң жобасы" деген сөздерден кейiн "және заң жобаларының тұжырымдамаларын", "және заң жобаларының тұжырымдамалары" деген сөздермен толықтырылсын; 
3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
"2-1. Көрсетiлген Ережеде айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерiне сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереже талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберудi қамтамасыз етсiн."; 
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу ережесiнде: 
тақырыбындағы "Заң жобаларына" деген сөздер алынып тасталсын; 
кiрiспедегi "заң актiлерiн" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта: 
"Заң жобаларының" деген сөздер "Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"қаралатын жобаның" деген сөздер "қаралатын жобалардың және заң жобалары тұжырымдамаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта: 
"оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізiледi. 
Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерiне сәйкес келетiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізiледi. 
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерi мыналар болып табылады: 
1) мемлекеттiк органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiне қатысты нормалардың болуы; 
2) рұқсат беру рәсiмдерiне қатысты нормалардың болуы; 
3) жеке және заңды тұлғаларға мiндеттер енгiзудi немесе қолданыстағы мiндеттердi өзгертудi көздейтiн нормалардың болуы; 
4) санкциялар салу, жауапкершiлiкке тарту, оларды беру жөнiндегi мемлекеттiк органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуды көздейтiн нормалардың болуы. 
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары өзге де қажеттi жағдайларда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберiлуi мүмкiн.";
3-тармақта: 
"Қазақстан Республикасының Үкiметi бастамашылық еткен заң жобаларына" деген сөздер "Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"ұйымдастыру" деген сөзден кейiн "заң жобаларын" деген сөздер алынып тасталсын;