• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1347 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтіннің тақырыбы мен 1-тармағындағы «кесімдерді» деген сөз «актілерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
мемлекеттік тілдегі мәтіннің тақырыбындағы және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» деген сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «сәттен» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
8-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармаларының отырысында бекітілген күннен соң күнтізбелік 20 күн ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілер оларды тиісті орталық немесе жергілікті органның бірінші басшысы бекіткен күннен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда төрт данада ұсынылады.»;
екінші абзацтағы «(қол қойылған)», «(қол қойған)» деген сөздер «(бекітілген)», «(бекіткен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтарда «(қолы қойылған), (қайта қол қоюына)» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Техникалық сипаттағы (қате басу, грамматикалық және орфографикалық қателер) бұзушылықтарды жоюмен байланысты қайта бекіту жағдайларын және осы Ереженің 8, 9-тармақтың, 10-тармағы 4)-10) тармақшаларының талаптарын қоспағанда, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынған кезде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайта бекітілген нормативтік құқықтық актіге жасалған қайталама сараптамалық қорытындының және қосымша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының көшірмелері қоса беріледі.»;
9-тармақта:
бірінші абзацтағы «бойынша» деген сөзден кейін «мемлекеттік және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «қамтуы тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтерді;
8) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуы тиіс.»;
сегізінші абзац «басшысы» деген сөзден кейін «не оның міндетін атқаратын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның заң қызметінің басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қоюы тиіс. Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам қол қояды.»;
10-тармақта:
10) тармақша «басшысы» деген сөзден кейін «не оның міндетін атқаратын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12)және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы;
13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы.»;
жиырма екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді.»;
16-тармақта «4) - 10)» деген цифрлар «4) - 8, 10, 11)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.
Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және мәслихатқа қатысты қолданылмайды, олар кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынады.
Нормативтік құқықтық актіні заң сараптамасын жүргізбей кері қайтарған жағдайда, орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және оны осы Ереженің 8-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады.»;
18-тармақта «кесімдерді қолданысқа енгізу» деген сөздер «актілердің күшіне енуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақта:
бірінші абзацта «ол бұрын жарияланған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар таниды.
Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов